Home » Қоғам » ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

Әл-Фарабидің есімі мен жазған құнды мұралары әлемдік ғылым менм әдениет тарихынан  лайықты өз орнынын алатындығы ақиқат. Оның шығармалары еуропалық Ренессансқа үлкен әсер етіп, Батыспен Шығыстың мәдениеттерімен философияларының жақындасуына арналған алтын көпір болды. Қазақстанда Әл-Фарабидің мұраларын зерттеуге XX ғасырдың екінші жартысында бастауын алды, яғни, 1960 жылы, 15 қазанда Ғалым Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ.И. Сәтбаевқа ғалымдарды Әл-Фараби мұрасын зерттеуді және оның шығармаларын аудару туралы идеяларын қолдауға өтініш білдіріп, «Ұлы әл-Фараби біздің жерлесіміз, және біз ол туралы аз білеміз …» деп атап өтті. Ал, 1970 жылы Ақжан Машанимен Ағын Қасымжанов ұйымдастырған әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО мен Қазақ КСР Үкіметінің қолдауымен Алматыда, Мәскеуде және Бағдадта бір уақытта өткізілген Әл-Фараби мұрасы туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Қазақстан аңсаған тәуелсіздігін алғаннан бері Әл-Фараби мұрасын зерттеу қарқыны үдей түсті.
1991 жылы 23 қазанда Қазақ Ұлттық университеті Әл-Фараби есімін алды. 2010 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Әл-Фараби және Еуропалық Ренессанс» халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған әлемнің 20 елінен келген фарабитанушылар, оның ішінде қазақстандық ғалымдар қатысты. Міне, өткен жылдың, 26-тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады.
Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағытын дұрыс түсіну үшін сол кездегі тарихи жағдайды білу қажет. Ол үшін әлемдегі ең ірі тарихи оқиғалардың бетбұрыс кезеңін ескеру маңызды. Ислам дінінің келуімен VIII ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдаймен рухани өмірде түбегейлі өзгеріс кезеңі басталды. Жалпы, Исламды қабылдаған көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанда дамыған өркениеттің нышандары байқалды, соның негізінде рухани мәдениет өркендеді. Араб халифатының гүлдену кезеңінде мұсылман Шығысының өркениеті сол дәуірдегі Батыс Еуропа мәдениетіне қарағанда зайырлы білім мен ғылыми жаңалықтардың едәуір кең таралуымен ерекшеленді. Ислам мәдениетінің таралуы арқасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси және рухани мәдениетке күшті серпін берді. Араб тілі мен араб әдебиетінің түркі тілінде кеңінен таралуы бұл аймақта VIII ғасырдан бастап Ислам дінінің келуімен байланысты. Біз бұл тарихи дамуды Орталық Азия өңірлерінен шыққан ұлы ғалымдардың жемісті еңбектерінен көреміз. Солардыңбірі– шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср Әл-Фараби (870-950 ж.).
Әл-Фараби–біздің жерлесіміз, ол ежелгі Отырар қаласында (өткен тарих сахнасында Фараб деп аталатын), Қазақстанның оңтүстігінде Тархан МұхаммедУзлахұлының ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның толық аты– Әбу Наср Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг Әл-Фарабиат-Түрки. Қазіргі Шәуілдір ауданының орталығында ашылған Әл-Фараби кітапханасында ол туралы бірнеше құнды мәліметтер бар. Әл-Фараби Қазақстанның оңтүстігіндегі Фараб ауданында – көп ғасырлық тарих пен мәдениеттің өркендеген кезеңінде өмір сүрді және білім алды. Әл-Фарабидің бақытына орай, бұл кезде Отырар қаласының бай кітапханасы болған. Демек, ол түркі ортасынан шыққан, олардың арасында Ислам мен араб мәдениеті өте жоғары бағаланды. Тұлға ретінде Әл-Фараби феодалдық және діни дүниетанымдар толығымен үстемдік еткен қоғамда қалыптасты. Әл-Фараби мұсылмандық тұтқасынан білім нәрін алып өсті.
Әл-Фарабидің рухани санасына, әлеуметтік-саяси көзқарастарына әсер еткен факторлар Ислам Халифатының негіздерін шайқалтқан сол кезеңдегі азаттық қозғалыстар, халқының рухани құндылықтары, түркі этникалық ортасы, 52 рулық-тайпалармен етене араласуы еді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі әлеуметтік-философиялық және саяси көзқарастары ол өмір сүрген дәуірдің өнімі, ықпалы десек болады. Сол кезеңдегі қоғамның басым дүниетанымы – діни идеологиялардан, қоғамдық қатынастармен мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-саяси тұжырымдамалардан құрылды.
Атақты ғалым  Әбдул Хасан Байхакидің (996-1077) пікірінше: «Әбу Насырға тең келетін адам әлі Ислам әлемінде туылған жоқ», – деген, оның іліміне тамсанатындар Әл-Фарабиді Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» деп таныды. Әл-Фараби өзінің дін туралы трактатында «Діннің көмегімен әркім өз алдына қойған мақсатына жетеді», – дейді. Ол Ислам фәлсафасына «Ізгілікті дін» терминін енгізді. Алайда ол нақты бір дінге сілтеме жасамайды. Соған қарамастан, Әл-Фараби өз дәуіріндегі ең өзекті және өткір философиялық, әлеуметтік-саяси идеяларды терең білдірді. Әл-Фараби білімнің әртүрлі салаларын қамтитын бай ғылыми мұралар қалдырды. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Айта кету керек, қазіргі қоғамда ойшылдың шығармашылығында қоғамдық-саяси трактаттар маңызды орын алады. Әл-Фарабидің негізгі еңбектері: «Ғылымдардың классификациясы туралы сөз», «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Бақытқа жету жолын көрсету», «Философияның дінге қатынасы» және т.б. Осылардың ішінен ортағасырлық ғылымның энциклопедиясы болып саналған «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз» трактатында азаматтық ғылым (қоғам және мемлекет туралы ілім), заң ғылымы (заң доктринасы) және барлық нәрсені жаратушы Құдай туралы ғылым жеке-дара тарау ретінде бөлінген. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси философиясының өте өзекті мәселесі – адам, оның рухани және әлеуметтік болмысы. Әл-Фараби адамға гуманистік позициядан қарап, олардың дәуірінен едәуір озған тұжырымдар жасады. Адамның өзінің «табиғи бесігінен» шығуы, оның пікірінше: «Адам саналы, парасатты болып туылмайды, бірақ санаға, парасаттылыққа қабілетті болып туады. Адам зеректікке практикалық іс-әрекет арқылы жетеді», – дейді. Философияда, Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық және эстетикалық ілімдерінде ежелгі грек ойшылдары–Аристотель мен Платонның философиялық, әлеуметтік-саяси мұралары көрініс тапты. Әл-Фараби олардың ең маңызды идеяларын қабылдады және шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеп, өзінің қоғам, мемлекет, этика және эстетика туралы өзіндік, философиялық, әлеуметтік-саяси тұжырымдамасын жасады. Соған қарамастан, ол өз дәуіріндегі шұғыл және өткір философиялық, қоғамдық-саяси идеяларды білдірді.
Өзінің философиялық (рухани), әлеуметтік-саяси тұжырымдамасында Әл-Фараби коммуникация, бақыт, жақсылық, өлшем, әділеттілік және т.б категорияларға ерекше назар аударды. Ол өзінің идеалына сәйкес ақыл-ойдың, білімнің жоғары құндылығын, бауырмалдық пен достық принципін ашады, өз қоғамындағы адамгершіліктің жағымсыз ерекшеліктерін сынайды. Әл-Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында мемлекеттік басқару мәселелеріне, қазіргі қоғамның жетілмеген тұстарын сынауға және әлеуметтік тәртіпті қайта жақсартуға арналған. Ойшыл өзінің бұл еңбегінде ашкөздігімен және озбырлығы мен мемлекеттер құратын билеушілердің деспотизміне (шексіз билік) қарсы тұрады. Мұндай мемлекеттерді, оның пікірінше, білімсіз, надан және жаман мінезді адамдар зорлық-зомбылықпен басқарады. Олар тек байлықты, күшпен ләззатты бағалайды. Әл-Фараби ізгілікті мемлекет басшысының туа біткен 12 қасиетін атап өтеді. Оның пікірінше ел басшысы: «….Әділ болуы керек, бірақ қыңыр емес, өйткені Ислам кез-келген әділетсіздікпен арсыздыққа мүлдем қарсы; ол қажет деп санайтын нәрсені орындауда дер кезінде шешім табатын, сонымен бірге қорқыныш пен қорқақтықты білмейтін, батыл болу», – керек дейді.
Қорыта келе Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманыны және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл», – дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетеді және олар ең жоғарғы ізгілікке жет үшін бір келісімге келуі тиіс»,-деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орыналады.
А.ДҮЙСЕН,
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығының»  теолог маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...