Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 САЛЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » САЛЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

САЛЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

          Мақтаарал ауданы әкімдігінің Үлкен мәжіліс залында, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  жауапты мамандары – кенттер мен ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалықтарының басшылары және жеке кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді жаппай түсіндіру бағытында арнайы жиын өткізді.

          Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы  Жомарт Пилаловтың өзі жүргізіп отырған осы жиынға облыстық департаменттен  арнайы келген мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Сауле Шырынбекова, облыстық департаменттің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Асембек Тулепов, Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысының орынбасары Абзаол Құрманбековтер ауданымыздың тұрғындарын еліміздің салық саласына қатысты қызықтыратын жайларға барынша тоқталды.
          Жиын кезінде азаматтарымыздың бүгінгі таңда ЭЦҚ-ның арқасында көптеген мемлекттік қызмет түрлерін оңай түрде электронды тәсілмен ала беретіндерімен қатар, өкінішке орай кейбір ел тұрғындарының өз ЭЦҚ-ын, сақтықты ойламай күдікті адамдарға бере салуларынан алаяқтардың  алдауына түсіп қалып опық жеп жатқандары сөз болды. Сондай-ақ, ауданымыздағы кейбір шаруа қожалықтарының басшылары салық органдарына уақтылы есеп-қисап тапсырмайтыны айтылып, оны уақтылы тапсырып тұру керектігі ескертілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің ақша аударымдарын жасарда, салық органдарына төлемдер төлеуде немесе түрлі айыппұлдар төлеу кездерінде құжаттарға барынша мұқият болулары керектігі ескертілді. Себебі, қате мекенжайға жөнелтілген немесе артық төленген соманы қайтаруда біраз қиыншылықтар орын алатынын ұмытпау керек делінді.
         Жиын соңында Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы  Жомарт Пилалов кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне осындай жиындарды ауданымыздың барлық елдімекендерінде біргелікте өткізу жөнінде ұсыныс айтты, сондай-ақ, жауапты мамандарға залдағылардан өздерін қызықтырған сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды. 
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...