Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        Бүгінде Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны қарқынды жүруде. Қазіргі таңда егістік алқаптарында ондаған бригада құрылып, 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Қырыққабаттың алғашқы өнімдері еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне жөнетіліп жатыр.
       Аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің диқандары еккен көктемгі қырыққабат дақылын жинау маусымының куәсі болды. Ауданда биыл ерте егілген қырыққабат дақылы 546 гектарды құрап, қазірдің өзінде 260 тонна өнім жиналған.
        Аудан басшысы аялдаған Мақтаарал ауылдық округі Есентаев елдімекенінде орналасқан «Ерлан» шаруа қожалығының меншігінде 30 гектар егістік алқап бар.
        «Биыл қырыққабат дақылын ақпан айының басында еге бастадық. Екіқабатты кленкамен көмкеріліп егілетін дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі. Ең бастысы — күтіп, қарауға мән берілуі керек. Жеріміз тың болғандықтан, әр гектардан 30-40 тоннаға дейін өнім алып отырмыз» — дейді, қожалық төрағасы Ерболат Кариев.
        Мақтааралдық диқандар еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп салмағы 1-1,5 келіден аспайтын нидерландық пандион сұрпын еккенін айтуда. Мұндай қырыққабаттың бір келісі алғашқыда 230 теңгеден босатылса, қазір 70-80 теңге көлемінде сатылып жатыр екен.
       Диқандар осы қырыққабат өнімін жинап алған соң. екінші өнімге – маш, жүгері, мақта сияқты дақылдарды егуді жоспарлап отыр екен.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...