Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

          Жуырда біздің кітапханамызда – әлемдік деңгейдегі танымал ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орайластырып «Темірқазық сынды жұлдыз тұлға» атты портрет кеш болып өтті.
          Танымдық маңызы ерекше осы іс-шараға – мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен тағы басқа сала мамандарынан тұратын ауыл жастары және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.
           Шарамыздың кіріспесінде  баяндама оқып – еліміздің көрнекті ғалымы, геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырған әрі оның тұңғыш Президенті болған, 1964 жылдан КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен оның артында қалдырған ғылыми мұралармен оқырмандарызды таныстырдым. Өз кезегінде шарамыздың «Елінің адал ұлы еді» атты бөлімінде – №53.Ғ.Мүсірепов мектебінің психологі Жұлдыздай Кабулова, мектеп кітапханашысы Үміт Маметова, кітапхананың белсенді оқырманы Тагабай Асылбековтер Қаныш Сәтбаев туралы жазылған естеліктерден үзінділер оқыды.
         Іс-шараның қорытынды бөлімінде оқырмандарызды өмірі мен ғылыми еңбектері туралы жазылған газет-журналдар және кітаптардан құралған танымдық көрмемен таныстырдым.
Шамшат АЛТЫНБЕКОВА,
Достық ауылы филиал № 1 кітапханасының меңгерушісі ,
Достық ауылдық округі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...