Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БЕЛЬГИЯЛЫҚ "ENABEL" ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

         «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Бельгияның «Enabel» даму агенттігі ұйымдастырған халықаралық ынтымақтастықтың болашағы туралы сессия шеңберінде панельдік пікірталасқа қатысты.
         Халықаралық ынтымақтастықтағы негізгі өзгерістерді талқылауға және агенттіктерді жаңа жағдайларға бейімдеуге бағытталған сессияға Еуропалық даму саясатын басқару орталығының (ECDPM), Каирдегі қақтығыстарды реттеу және бейбітшілік жөніндегі халықаралық орталықтың, сондай-ақ Марокко мен Түркиядан келген халықаралық даму агенттігінің өкілдері қатысты.
           Басқарма төрағасы А. Арыстанов конференцияға қатысушылардың назарына KazAID қызметінің негізгі бағыттары, бағдарламалары мен жобалары туралы ақпарат берді. Талқылау халықаралық ынтымақтастықтың ағымдағы сын-қатерлеріне, агенттіктердің болашақ амбицияларына және олардың саладағы өзгерістерге реакциясына, сондай-ақ ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларына қатысты болды.
         KazAID халықаралық дамуға белсенді қатысуға өзінің дайындығын растайды және даму мен өркендеудің ортақ мақсаттарына қол жеткізу мақсатында әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі әріптестермен одан әрі ынтымақтастыққа ұмтылады.
          Анықтама: ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігін Қазақстан Үкіметі құрды және дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы оператор болып табылады. «KazAID» ДРК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді
ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің баспасөз қызметі.
www.kazaid.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...