Home » Жаңалықтар » ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ БИЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Еуразиялық форумнан

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ БИЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Халықаралық адам құқықтары күніне орай «Заманауи Қазақстанның сот билігі және адам құқығыүрдістері және келешегі» атты Адам құқықтары жөніндегі ІI Еуразиялық форум өтті. Ұйымдастырушылар қатарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы, М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU мен Германия Халықаралық Құқықтық Ынтымақтастық Қоры бар.  Шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн форматта өтіп, әлеуметтік желілерде  трансляцияланды.
Форумға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов, Германия Федеративтік Республикасының  Төтенше және Өкілетті Елшісі  Клиннер Тило, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина, заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары және өзге де шетелдік заңгерлер қатысты.
Шараның ашылу салтанатында KAZGUU -дің Провосты Сергей Пен  Форумның негізгі ерекшелігін атады: «Бүгін әріптестеріміз сот төрелігінің түрлі аспектілері – жасанды интеллект технологиясын енгізудің сапасынан бастап оны қолданудың этикалық және құқықтық мәселелеріне дейін баяндайды. Спикерлер Қазақстанмен ынтымақтастық, әріптестік байланыс орнатқан әлемнің барлық юрисдикцияларынан қатысуда».Сергей Пен қазақстандық сот жүйесі соңғы бірнеше жылда ең жоғары стандарттарға сай екенін көрсеткенін, реформаларды жүзеге асырудағы жүйелілік пен табандылықты дәлелдегенін айтты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына қолға алған реформаларын сәтті аяқтауға тілектестігін білдірді.
Каспий университетінің «Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының» директоры Майдан Сүлейменов сот төрелігіне қол жеткізу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, сот төрелігінің қолжетімділігі дегеніміз  кез-келген азаматтың құқығы бұзылған жағдайда заңмен қорғалуы, сотқа еш кедергісіз жүгіне алуы.
Онлайн-форум аясында KAZGUU-дың профессоры Роман Мельник әкімшілік әділет негізі ретінде адам құқықтары доктринасын ашып көрсетті. Профессордың айтуынша, бүгінгі таңда Батыс Еуропа елдері мемлекеттік басқару саласында адам құқықтары мен бостандықтарының маңызын абсолюттендіруді ұсынып отыр. Сондай-ақ ол әкімшілік соттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде бірнеше маңызды бағыттар ұсынды.
«Әкімшілік соттың тиімді жұмыс істеуі үшін адам құқықтары доктринасынааса көңіл бөлу керек.  Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылуы тиіс: нормативтік құқықтық түсініктен бас тарту, адам мен азаматтың негізгі құқықтарының мазмұнын тереңнен зерделеу, халықаралық (еуропалық) сот инстанцияларының шешімдеріне бағдарлану, олар тұжырымдаған қорытындыларды (шешімдерді) Қазақстан Республикасында «soft law» ретінде пайдалану», – деп толықтырды профессор.
Аталған Форумның нәтижелері сот төрелігі мен ұлттық құқықты жетілдіруге үлес қосып, жаңа ғылыми еңбектерде көрініс табады дейді ұйымдастырушылар.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...