Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        2026 жылғы 2 қаңтар күні кешкі уақытта 5512 әскери бөлімінің әскери жасақтары қоғамдық тәртіпті күзету барысында маңызды әрі жауапты міндет атқарды — адасып қалған баланы аман-есен табыстауға жәрдемдесті.
        Сағат шамамен 19:15-те Қайырбаев көшесінде орналасқан әскери жасаққа жасы он шамасындағы бала жүгінді. Бала қатты алаңдаулы күйде екенін байқатып, өз жолдастарын таба алмай қалғанын айтып, адасып кеткенін жеткізді.
          Әңгіме барысында анықталғандай, оқушы достарымен бірге «Ертіс» кинотеатрына келген. Киносеанс аяқталғаннан кейін ғимараттан шығып бара жатып, гардеробта бас киімін ұмытып кеткенін есіне алған. Кері оралған кезде жанында достары болмаған. Бейтаныс ортада жалғыз қалған бала дұрыс шешім қабылдап, көмек сұрап Ұлттық ұландықтарға жүгінген.
          Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери жасақ шұғыл түрде қажетті шараларды қабылдады. Бала №6 учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, сол жерде учаскелік инспектормен бірлесіп оның тұрғылықты мекенжайы анықталып, туыстарымен байланыс орнатылды.
          Көп ұзамай баланың атасы табылып, учаскелік инспектордың қатысуымен туыстық байланысы расталғаннан кейін бала заңды өкіліне аман-есен тапсырылды.
ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...