Home » PRESS RELEASE » АБАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АБАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

          Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен тұрғындардың хабардар болуын, билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылауға арналған Жетісай ауданы әкімінің кезекті есептік кездесуі Абай ауылдық округінде өтті.
           Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов өткізген жиынға Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен аудандық мәслихат депутаты Мамырайым Шылмұрзаев, Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшсы Тұрсын Мырзалиев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, дербез бөлімдердің жауапты мамандары, округ тұрғындары қатысты.
           Басқосуда ауылдық округін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу, ескірген электр бағаналарын жаңарту бағыттары бойынша жұмыстарды күшейту, өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлу, округтің инфрақұрылымын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Бұған дейінгі кездесулерде айтылған мәселелердің орындалу барысы таныстырылды.
       Өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша Жүзімдік елді мекені аумағындағы (Қазіргі таңда жеке тұлға А.Сапархановтың иелігіндегі) 3,5 га жер телімі мемлекеттік мұқтаждығы үшін сот арқылы мәжбүрлеп алу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар рәсімделіп соттың қарауына жолданған.
          Жүзімдік, Отан, Алтын кемер, Халықтар достығы, Бейбітшілік елді мекендерінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және жинақталған трансформаторлы қосалқы станциясын орнату үшін 2022 жылға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 500 мың теңге қаржы бөлініп, жоба жасақталуда. Жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс берілмек.
       Отан, Бейбітшілік елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын бастау үшін жалпы 10 млн теңге қаржы қарастырылып, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, Алтын кемер, Халықтар достығы елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 8 млн 760 мың теңге қаржы қаралып, тиісті құжаттар әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылысына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
        Абай ауылдық округі аумағында декоративті ағаштарды сақтап қалу мақсатында оларды коммуналдық меншікке алу бойынша «Жетісай қызмет» МКК тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.
        Еркін форматта ашық ауа астында өткен жиыннан соң аудан басшысының міндетінн атқарушы Асан Маханбетов жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелермен қатар ауыз су, ескі электр бағаналарын ауыстыру, округ елді мекендерінде мәдениет және спорт нысандарын салу, жол жөндеу мәселелері сөз болды.
         Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша сала мамандары мен бөлім басшыларына тиісті жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде тапсырма берілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...