Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КОЛЛЕДЖДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КОЛЛЕДЖДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

КОЛЛЕДЖДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

       Абай облысы, Семей қаласындағы  «Қазтұтынуодағы Агробизнес және Экономика колледжінде» «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының бастамасымен жаңа «Бастауыш партия ұйымы» (БПҰ) құрылды.
       Бұл маңызды қадам – жастардың жалпы қоғамдағы белсенділігін арттыру, еңбек адамы мен білім саласының өкілдерін қолдау, сондай-ақ партия мен  кәсіптік-техникалық, технология-инновациялық бағыттардағы оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
        Іс-шараға, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері А.Жакупова мен Б.Ерсаина, Е.Омарғалиев қатысып, партия қызметінің негізгі бағыттары, бағдарламалық мақсаттары және бастауыш ұйымдардың ел өміріндегі маңызы туралы баяндады.
       Жиын барысында,  колледж қызметкерлері партия қатарына қабылданып, оларға арнайы партиялық төсбелгілер табысталды. Бұл – олардың қоғамдық және азаматтық белсенділігінің нышаны.
       Колледж директоры Жандыбаев Тұрсын Мұқаметқалиұлы сөз сөйлеп, жаңадан құрылған бастауыш партия ұйым  мүшелерін құттықтап, ұйымға сәттілік тіледі.
       «Ауыл» партиясының өкілдері өз кезегінде партияның негізгі мақсаты – еңбек адамының беделін көтеру, ауыл мен аймақтардың дамуына үлес қосу, жастардың белсенділігін арттыру екенін атап өтті.
        Жаңа «Бастауыш партия ұйымның» ашылуы – партияның білім саласымен өзара байланысын күшейтіп, қоғамның әлеуметтік және рухани жаңаруына үлес қосатын маңызды бастама болып табылады.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...