Home » Экономика » 2021 КІРІСТЕР ЖЫЛЫ БОЛСЫН

2021 КІРІСТЕР ЖЫЛЫ БОЛСЫН

Жыл сайын дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында өткен жылды қорытындылап, Жаңа жылға тың жоспарлар түзіп, айқын межелер белгілейміз. Осы орайда біздің Мақтаарал ауданында атқарылған игі істерді, алда жүзеге аспақ жұмыстарды білу үшін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нұрлан Нұрғалиұлы ТҰРАШЕВПЕН сұқбаттасқан едік.
Нұрлан Нұрғалиұлы, кіріп келген Жаңа 2021 жыл құтты болсын! Сиыр жылы баршамызға тек жақсылығын ала келсін. Әр жылдың өз ерекшелігі, қуанышы, өкініші болады ғой. 2020 жыл өте күрделі, қиын жыл болды, ал Сіз үшін несімен есте қалды?
– Иә, былтыр бүкіл әлемді есеңгіреткен короновирустық пандемия тыныш, қалыпты жағдайымызға көп өзгеріс енгізді. Қауіпті індеттің салдарынан дүние жүзінде экономикалық белсенділік күрт төмендеді. Шикізат бағасының құлдырауы, ішкі өнімнің азаюы, экономикалық жағдайды дағдарысқа әкеледі. Мұндай дағдарыстан кейін экономиканы қалыпқа келтіру оңайға түспейді. Біздің елімізде пандемияға қарсы төтенше жағдай дер кезінде жарияланды. Осындай шаралардың арқасында вирустың жаппай таралуына жол берілмей, қоғамдағы тұрақтылық сақталып отыр. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін елімізде 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 теңгеден төлем берілді. Бұл екінші айда да жалғасты. Мұқтаж отбасылар тегін азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Уақытша қиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді. Кәсіпкерлер үшін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мерзімі ұзартылды. Осы бір қиын сәтте көптеген кәсіпорын мен мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті. Карантинге байланысты мектеп оқушылары да қашықтан оқытыла бастады.
Бүкіл әлемнің, еліміздің басына түскен қиындықтарды біздің аудан халқы да басына өткізіп келеді. Бюджет қаржысын мейлінше үнемдеп жұмсап, кірісі мен шығысын реттеп, үнемделген қаражатты экономиканың тұрақты дамуы мен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмсадық.
– Пандемиямен күрес жүріп жатқан кезде, мамыр айында Сардоба су қоймасындағы апат, тосыннан келген су тасқыны біздің аудан тұрғындары үшін үлкен қиындық, ауыртпалық әкелгені белгілі. Бұл аудан экономикасына қалай әсер етті?
–  Су тасқынынан болған күтпеген жағдай тек біздің аудан тұрғындарын ғана емес, сонымен бірге бүкіл республиканы да алаңдатқаны рас. Бұл тосыннан болған апат біздің елге де аз шығын келтірген жоқ. Шекараға жақын орналасқан бес ауылды топан су басып, 851 үй бүлініп, 6127 адам баспанасыз қалды, 5700 гектар егістік бұзылды. Қиын сағаттарда  30 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Мақтааралдықтар қиындыққа тап болған кезде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Су апатынан зардап шеккен бірде-бір тұрғын қамқорлықсыз қалмайды, бәріне түгел жәрдем беріледі»,-деді. Біздің аудан халқының басына түскен ауыр жағдайды мемлекет, бүкіл ел болып көтерді, қиын-қыстау сәтте бәрі де қол ұшын беріп, ауызбіршіліктің арқасында қиындықты жеңіп шықтық. Қысқа уақыт ішінде 1000 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді. Еліміз бойынша төтенше жағдай кезіндегі техногендік апатты жою үшін 29,3 млрд. теңге қаржы қаралып, оның 16,1 млрд. теңгесі Үкіметтің резерв қоры есебінен,11,5 млрд. теңгесі қор есебінен, 1,7 млрд. теңгесі Түркістан облысының күшімен бөлінді.
Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерініңң тұрғындары үшін Мырзакент кентінің іргесінен 70 гектар жер бөлініп, онда шағын аудан бой көтерді. Мұнда 6,63 млрд. теңге қаржыға 386 тұрғын үй салынды. Атап айтқанда, 196 үй салуға Үкімет резерві қаржысы есебінен 3,3 млрд. теңге, облыс резервінен 100 млн. теңге, 150 үйге «Б.Өтемұратов» қорынан 2,55 млрд. теңге, 20 үйге «Салихалы ұрпақ» қорынан 340 миллион теңге, тағы 20 үйге «Біз біргеміз!» қорынан 340 миллион теңге қаржы жұмсалды.
Фердоуси, Өргебас ауылдарынан салынған 509 үйге 8,69 млрд.теңге қаржы берілді. Бұл игі іске Үкіметтің резерві есебінен 2,2 млрд. теңге, облыс резервінен 183 миллион теңге, ERG  компаниясынан 2,1 млрд.теңге, «Казахмыс» АҚ 1,05 млрд. теңге, «Самұрық – Қазына» АҚ 1 млрд. теңге, НУХ «Байтерек» АҚ 1 млрд. теңге, «Kaz Minerals Bozshakol» АҚ 1 млрд. теңге мен т.б. әртүрлі қорлардан 100 миллион теңге қаржы бөлінді. Осы тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. Газбен қамтамасыз ету, электр желілерін жүргізу, ауыз су, жол салу, байланыс желісін тарту, абаттандыру жұмыстарына Үкімет қоры резервіне 6,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар құрылысына Үкімет қоры резерві есебінен 3,5   млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазір жаңа шағын ауданда 1200 орынды мектеп, 280 орынды балабақша, медпункт, полиция бөлімшесі салынуда. Фердоуси жалпы орта мектебі жөндеуден өтуде. Су басқан аймақтағы әрбір адамға республика бюджетінен 100 мың теңгеден жәрдем берілді. Оған Үкімет қоры резервінен 650 миллион теңге бөлінді. Эвакуацияланған 5202 отбасына кәсіпкер А.Усмановтың қоры есебінен 1000 АҚШ долларынан жәрдм берілді.
– Өткен жылы ауданның инфрақұрылымын дамыту бағтында қандай жұмыстар атқарылды?
– Аудан бойынша 67 елді мекен, яғни 97,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. 2020 жылы 6 ауыз су жүйесінің нысаны құрылысына бюджеттен 726 367 мың теңге қаржы бөлінді. Наурыз, Алаш, Өргебас, Фердоуси ауылдарындағы нысандар құрылысы аяқталып, іске қосылды. Атакент кенті мен Береке ауылдарындағы ағын су нысандарының құрылысы биыл пайдалануға беріледі. Өргебас, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарындағы су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Есентаев, Иіржар елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, оған 719 миллион 276 мың теңге бөлінді. Қазірге дейін ауданда 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. 2020 жылы Мырзакент кентіндегі Энергетиктер көшесін газдандыру үшін облыстық бюджеттен   46 миллион 246,6 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-гі жүргізуде. Бірлік ауылдық округіндегі Қоңырат, Алғабас, Қ.Пернебаев ауылдарындағы және Ж.Нұрлыбаев, Жамбыл ауылдық округтеріндегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жұргізіп, КТП орнату жұмыстары қолға алынуда.
Аудан көлемінде 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар   3 автокөлік жолдары күрделі жөндеуден өтуде. Былтыр 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшелерге тас төселді. Оған аудан бюджетінен 381 миллион  206 мың теңге бөлінді. Аудан бойынша 64,8 шақырым болатын 77 ішкі көшелерді асфальттау көзделіп отыр. Қазірге дейін 71 көше асфальтталды. Сонымен қатар, Мырзакент кентіне және Нұрлы таң елді мекеніне кіре берістегі көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Оған жалпы 573,1 миллион теңге  қаралып отыр.
Елді мекендерді жарықтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауданда 77 шақырымдық 73 көшеде 2962 дана көше жарық шамдары бар. Былтыр 35,3 шақырымдық 24 көше жарықтандырылды. 3,4 шақырымдық 2 көшеге аяқ жол салынды. Мырзакенттегі С.Қожанов көшесі бойында орналасқан» “Мәңгілік алау” ескерткішін қайта жаңғырту үшін 137 миллион 317,3 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмысты мердігер «Таймас Сомpany” ЖШС жүргізуде.
– Халықтың тұрмыс сапасын, жақсарту бағытында жаңа жылда қандай игі істер қолға алынғалы отыр? Аудан бюджетінің кріс-шығысы туралы не айтасыз?
– Біздің алдымызда тұрған басты мақсат – елдің тұрмыс-тіршілігін түзеу, қол жеткен табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыру. Қазақта «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы орайда, аудан халқының әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту үшін ауданның бюджет кірісін көбейтуге күш салудамыз. Өткен жылы жергілікті бюджеттің өзіндік кірісі            1 млрд. 271 миллион теңгені құрап, орындалу көрсеткішіі 100 пайыз болды. Шығыс көздері бойынша 45 млрд. 276 миллион 834 мың теңге қаржы жұмсалды (Төтенше жағдай бойынша Үкімет қоры резерві т.б. қорлардан түскен қаржы есебінен).
Ал жалпы жергілікті бюджеттің кіріс көздері  4 млрд. 22 миллион 789 мың теңге болды, оның ішінде, ауданның өзіндік кірісі 1 млрд. 166 миллион  573 мың теңге, республикалық бюджеттен берілетін субвенция 2 млрд. 856 миллион 216 мың теңгені құрайды. Шығысы 28 млрд. 872 миллион 737 мың теңге болмақ. Оның ішінде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға   1 млрд. 141 миллион 961 мың теңге, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласына 981 миллион     639 мың теңге, оның ішінде жолды жөндеуге 359 миллион 824 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға 97 миллион 11 мың теңге, елді мекендерді абаттандыруға 120 миллион 983 мың теңге, ауыз сумен қамтуға 60 миллион 182 мың теңге, жасыл желекті суаруға арналған көлік, трактор, тіркеме алуға 46 миллион теңге бөлініп отыр. Бұдан басқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық жерге жолдамамен келген 60 маманға тұрғын үй сатып алуы үшін 15 жыл мерзімге 4 миллион 375 мың 500 теңгеден бюджеттік кредит беруге 262 миллион 530 мың теңге қаралды.
Ауданда 200 орынды Қ.Абдалиев, Мақтажан, Т.Бигелдинов, С.Датұлы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, А.Тұяқбаев атындағы орта мектебіне акт залы, асхаа, спорт залы мен 100 орындық оқу корпусы салынуда. Өткен жылы қараша айының соңында Мырзакент кентіндегі стадионды реконструкциялау құрылысы аяқталып, нысан ел игілігіне беліледі. Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында     6,7 млрд. теңгені құрайтын бірнеше жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстан мен Түркия елі бірлесіп жіп шығаратын фабриканы салмақ. Мақтааралдық кәсіпкерлер Ресей өкілдерімен бірлесіп, мақта майын шығаратын зауыт, германиялық кәсіпкерлермен бірлесіп жеміс-жидек мармеладтарын өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл  кезеңі” атты Жолдауында айтылғандай экономика қашанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік қажет. Біз жұмысымызды осы бағытта ұйымдастырып, үйлестіруге баса мән беретін боламыз.
Сұхбаттасқан
Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...

ЕЛ ДАМУЫН ТЕЖЕУШІ ҚАТЕР

        ...

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

        ...