NewsPRESS RELEASEБилікСаясат

ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Қаралым: 85

      1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі Мақтаарал ауданында кең көлемде атап өтілуде.

Ең алдымен, «Тәжі» мейрамханасында аудан әкімі Бақыт Асановтың ақ дастарханы жайылып, қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Мақтаарал» мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты кеш өтті.

Қарттар күніне байланысты аудан басшысының тікелей тапсырмасымен аудан аумағындағы барша кенттер мен округтерде де түрлі қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Мәселен, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ қариялар облысымыздың киелі жерлеріне саяхат жасады. Сондай-ақ, Атакент кенті және Еңбекші ауылдық округі әкімдіктерінің ұйымдастыруымен жасы жүзден асқан қарттарға арнайы себет дайындалып, сыйлық жасалды.

Мырзакент кенті мен Жамбыл ауылдық округтері әкімдіктері қарияларға арнап дастархан жайып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Е.Тұрғанбаев жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, азық-түлік жағынан көмек көрсетті.

Айта кетейік, мұндай қайырымдылық іс-шаралары барлық кенттер мен окрутерде жалғасын табуда.  

Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *