Қазақстанда автобуспен жолаушылар тасымалы қалай дамуда
Автор: ҚалмұратҚаралым: 71
Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау үлесіне көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудан жолаушылардың 76% — ы немесе жылына 17 млрд.сапар келеді.
Бұл тасымалдар Қазақстанда бірыңғай жоспарға сәйкес дамуда. Ол «Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені» — деп аталады. Оны әзірлеу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2020 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде тапсырылды.
Кейін құжат мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтармен келісілді. 25 қарашада шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді.
Шаралар кешені мыналарды қамтиды:
— тарифтерді және әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбесін өзектендіру;
— қалалық автобустар паркін жаңарту үшін әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды толыққанды субсидиялауға;
— 2021 жылдың соңына дейін электронды билеттерді енгізу және онлайн диспетчерлеу;
— мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруды шектеуге;
— мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруға тыйым салу мәселесін пысықтау;
— газмоторлы отынмен немесе электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін автобустарды сатып алуды ынталандыру;
— жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласындағы заңнаманы өзектендіру.
Шаралар кешенін іске асыру бүкіл ел бойынша қалалық автобус жолаушылар тасымалын дамытуға жағдай жасайды.