Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ДОМБЫРА – ҰЛТТЫҢ ҮНІ, РУХТЫҢ ТІЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДОМБЫРА – ҰЛТТЫҢ ҮНІ, РУХТЫҢ ТІЛІ

ДОМБЫРА – ҰЛТТЫҢ ҮНІ, РУХТЫҢ ТІЛІ

        Қазақ халқы үшін домбыра – әуен ғана емес, атадан балаға жеткен аманат, елдің ішкі жан дүниесін жеткізетін рухани құндылық. Қос ішектің күмбірі – ғасырлар бойы халқымыздың қуанышы мен қайғысын, асқақ арманы мен мұңын үнсіз жеткізіп келген үн.
        Осы рухани мұраны ұлықтау мақсатында Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі – «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Бұл – ұлттық өнерді дәріптейтін, жастардың бойына рухани тәрбие сіңіретін, халықты бірлік пен елдікке бастайтын мерекеге айналды.
         Домбыра – қазақ даласының рухани шежіресі. Оның әрбір күйі – бір оқиға, әрбір сазы – бір тағдыр. Құрманғазының «Серпері», Дәулеткерейдің «Көроғлысы», Тәттімбеттің «Саржайлауы» мен Динаның «Бұлбұлы» – ұлт рухының саз тілімен жазылған айшықты беттері.
         Домбыра арқылы халық өз тарихын шертіп, күймен өмір сүріп отырды. Бұл – ешбір аудармашысыз, сөзсіз түсінуге болатын тікелей ұлттық тіл.
        Бүгінде, домбыра тек, өнер сахнасында ғана емес, білім ордаларында, мәдениет үйлерінде, отбасылық ортада қайта жаңғырып келеді. Бұл үрдісті жандандыру – ел болашағына жасалған рухани инвестиция.
              Мамандардың пікірінше, домбыра үйрену – тек музыкалық машық емес, ол – баланың дүниетанымын кеңейтетін, эстетикалық талғамын арттыратын, мінез-құлқын қалыптастыратын тәрбие құралы.
           Домбыра – ұлттық болмысты бойға сіңірудің таптырмас мұратты жолы. Қос ішек арқылы ұрпақтар ата тарихына, ана тіліне, салт-дәстүрге жақындай түседі. Сондықтан, мектептерде домбыра үйірмесін ашу, ұлттық музыка сабақтарын енгізу – бұл тәрбие мен білімнің қатар жүруіне жағдай жасауға толық негіз дер едім.
         Осы іспеттес ой – пікірді қолдайтын ата-аналар мен ұстаздар да көбейіп келеді. Әсіресе, ауыл-аймақтарда өткізілетін «Күй шеруі», «Домбыра-думан» сияқты шаралар үлкен қолдауға ие болуда екенін байқап жүргеніміз шындық.
       Домбыра күні – бір күндік мереке болмауы керек. Бұл күн ұлттық өнерді насихаттау, күй мәдениетін зерттеу, күйшілік мектептерді қолдау, шеберлер мен ұстаздарды бағалау сияқты нақты қадамдарға жол ашуы қажет.
         Мереке аясында: Домбыра шеруі, Күй байқауы, Ашық аспан астындағы концерттер,Мектептерде арнайы сабақтар өткізу –
ұлттық өнерді жас ұрпаққа жеткізудің жарқын жолы бола алады.
         Ұлттық домбыра күні – бұл қазақтың өз үніне, өз болмысына қайта қарауы. Бұл күн – ұлтты ұлықтайтын, халықты рухани тұрғыда біріктіретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін маңызды күн.
         Домбыра – біздің кешегіміздің көзі, бүгініміздің белгісі, ертеңіміздің үміті. Оның күмбірі – елдің рухын жаңғыртар үн.
        Домбыраның үні өшпесін. Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ғылым мен өндіріс – өзара әріптестік қажет

        ...

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАБЫТ СЫЙЛАДЫ

        ...

Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

        ...

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

        ...

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ТУҒАН ТОПЫРАҚТА ҰЛЫҚТАЛҒАН ӨНЕР ТАРЛАНЫ: МӘДЕНИЕТ ЕШЕКЕЕВКЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ

        ...

«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ» – ҰЛТ ҮНІ ЕСТІЛГЕН БАСТЫ МӘРТЕБЕЛІ АЛАҢ

ПРЕЗИДЕНТ СЕНІМІ – «АУЫЛ» ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНА 25 ЖЫЛ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АДАЛ ҚЫЗМЕТ

        ...