Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АЛАКӨЛДЕ ӨТКЕН ТІЛ ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР - ПРАКТИКУМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АЛАКӨЛДЕ ӨТКЕН ТІЛ ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР — ПРАКТИКУМ

АЛАКӨЛДЕ ӨТКЕН ТІЛ ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР — ПРАКТИКУМ

        Белгілі тіл жанашыры, тіл орталығының ұстазы әрі басшысы   Атаева Мейрамгүл Балабайқызы семинар-практикумда өз тәжірибесімен бөлісті.
        2025 жылдың 23 — 24 маусым күндері Алакөл жағалауындағы «Dolce Vita Alakol» демалыс базасында Мәдениет, Спорт және Кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Мәдениет және спорт – кәсіподақ идеяларын насихаттау құралы» атты өңірлік семинар-практикум өтті. Іс-шараны Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымдастырды.
         Семинардың басты мақсаты – кәсіподақ идеяларын кеңінен насихаттау, ұйым мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, мәдениет пен спорт саласы арқылы әлеуметтік — еңбек қатынастарын дамытудың жаңа формаларын қарастыру болды. Жиынға Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстары мен республикалық ұйымдардан 30-дан астам делегаттар қатысты. Олардың қатарында салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мәдениет мекемелерінің басшылары, спорт мектептерінің жетекшілері және білім саласындағы кәсіподақ белсенділері болды.
        Семинарға Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы белсене қатысты. Ол өз сөзінде тіл саясаты саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді жолдары мен әдістемелік жаңашылдықтары жайында мазмұнды ой-пікір айтып, қысқаша түрде баяндама жасады.
        — Бүгінгі күні мемлекеттік тілді меңгерту – тек білім беру саласының ғана емес, қоғамдағы әрбір жауапты мекеменің ортақ міндеті. Бұл ретте кәсіподақ ұйымдарының қолдауы, ынталандыру шаралары, оқыту орталықтарының материалдық — техникалық базасын жетілдіру – мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырудың маңызды бөлігі, — деді Атаева Мейрамгүл Балабайқызы өз баяндамасында.
         Ол сондай-ақ, мемлекеттік және өзге де тілдерді оқыту бағытындағы аймақтық тәжірибелермен бөлісіп, тіл үйретудегі мотивациялық тәсілдер, интерактивті оқыту құралдарын қолдану, әдістемелік бірізділік пен қоғаммен байланысты нығайту жолдарын ұсынды. Оның пікірінше, тіл үйрену тек формальді міндет емес, рухани, мәдени, азаматтық сана қалыптастыратын үрдіс болуы тиіс.
         Семинар аясында, панельдік пікірталастар, тәжірибе алмасу сессиялары мен практикалық тренингтер өтті. Қатысушылар кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауда мәдени шаралардың тиімділігін арттыру, ұжымдық келісімдер аясында қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру сынды мәселелерді талқылады.
       Семинар соңында қатысушылар, бірлескен ұсынымдар қабылдап, кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру бойынша жаңа бастамаларды қолдауға уағдаласты. Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.
        Бұл семинар – тек пікір алмасу емес, сонымен бірге салааралық ынтымақтастықтың, рухани — мәдени саясаттың маңызды алаңы. Кәсіподақ ұйымдарының жаңа буыны үшін тәжірибе мен білім алмасудың осындай форматтары аса қажет әрі өзекті.
        Атаева Мейрамгүл Балабайқызының белсенділігі мен кәсіби ұстанымы – өңірлік кәсіподақ ұйымдары үшін үлгі бола алады деуге толық негіз бар. Ол өз ісіне адал, білікті басшы ретінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырумен қатар, ұжымдық рух пен қоғамдық жауапкершілікті арттыруға зор үлес қосып келеді.
Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...

ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ ҚАРЖАУОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫН ТАБЫСТАДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПХАНА ЕСІГІН АШТЫ

        ...

АБАЙ КҮНІ — ҰЛЫ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ КҮНІ

        ...

«ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ» – ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

       Қазақстан ...