Home » Экономика » Кәсіпкерлік » 52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

               Қызылдың құмынан орын алып, бүгінде атырапқа аты мәшһүр шағалалы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Күн санап мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, ескілері жаңартылып жатыр.
            Нақтырақ айтар болсақ, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту тетігіне сәйкес 2014, 2017 және 2019 жылдары аталған бағдарлама аясында Шардара қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 23-не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша биылдың өзінде тағы 21 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жергілікті қазынадан қаралған 534,5 млн теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, сыртқы және ішкі қасбеттерін әрлеу, кіреберіс есіктерін және подъезд терезелерін ауыстыру, суағарлар орнату, инженерлік-коммуникация жүйелерін ауыстыру секілді жұмыстар жүргізіледі.
                 Айта кетейік, Шардара қаласында 75 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 22-сі 4 қабатты, 53-і 2 қабатты тұрғын үйлер. 1985 жылдары қолданысқа берілген 67 тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Күрделі жөндеді қажет ететін 52 үйдің бүгінде 46-сы толық аяқталған.
             Шардара аудандық тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шағырбаевтың айтуынша жұмысшылардың қауіпсіздік шаралары мен жұмыс сапасы қатаң бақылауға алынған.
             “Жұмысшылардың еңбекақылары бақылауға алынған, уақытылы беріледі. Еңбек қауіпсіздігі бойынша да бізде техникалық қадағалаушы мекеме бар. Сол мнкеменің бәрі күнделікті осы басында, авторлық қадағалау бар, мердігер тарапынан бар. Өзі арнайы толтырылатын журналдар бар, оның бәрі толтырылып қадағалануда. Біз жақтан да бекітілген мамандар бар, бізге қарасты ЖШС бар. Ол жақтан мамандар бар бекітілген” дейді Ербол Шағырбаев.
Сонымен қатар, тұрғындардың ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында құмның ішінде орналасқан су қоры жеткілікті “Тастанбек” жер асты суын жеткізу қолға алынып отыр.
             Биыл Сырдария өзенінің суы тартылып, Шардара су қоймасының толмай қалуынан жаз айларында судың сапасы нашарлап, залалсыздандыру жұмыстары күрделенгені белгілі. Салдарынан шардаралықтар тіршілік нарынан тарықты. Бұған жауын-шашынның аз түсуі мен қуаңшылық, одан қалды көршілес елдерден келетін судың кемуі қосымша себеп болды. Ал, Шардара су қоймасындағы суды сүзгіден өткізіп, тазалайтын станцияның жұмысы тікелей судың деңгейіне байланысты екені белгілі. Теңізде су тартылғандықтан жұмыс тоқтап, 80 жылдары қолданысқа берілген қаланың бас су таратушы ескі станциясының жұмысы қиындаған. Жақын күндері бұл мәселенің де күрмеуі шешілмек.
“Су бойынша аудандық бюджеттен 30 млн теңге қаржы қаралып, Шардара қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан “Тастанбек” деген өзіміздің құдығымыз бар. Ол жерден шығатын дебиттің бәрі есептелген, қалаға жетеді. Бүгінгі таңға жобалау-сметалық құжаттарына мемлекеттік сатып алу жұмыстарының бәрі толық өткізіліп, жеңімпазы анықталған. Жалпы жұмыстардың 40 пайызға жуығы орындалған. 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін мемлекеттік сараптамасының қорытындысы шығып, республикалық бюджетке өткіземіз деп отырмыз” дейді Шардара аудандық тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Шағырбаев.
            Мұнан бөлек, Шардарада ауданды көріктендіру, көгалдандырумен қатар санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстары да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта да арнайы бағдарламалар бекітіліп, орындалуы аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тікелей бақылауында тұр.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Шардара ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...