Home » Business » КРЕДИТТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ҚАНДАЙ ЖОЛДАРЫ БАР?

КРЕДИТТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ҚАНДАЙ ЖОЛДАРЫ БАР?

          Қазіргі таңда елімізде кредиті жоқ адам кемде-кем десек артық айтқандық болмас. Басында түрлі қаржылық қиындықтан құтқарушы болғанмен, соны қайтаруға келгенде біраз  қиналатынымыз анық. Сол қиыншылықтан шығару бағытындағы түрлі кеңестер Ютубтен басталып, инстаграммға дейінгі әлеуметтік желілерде жетіп артылады. Алайда, солардың барлығының айтпағы мүмкіндік болса, қарыз атаулыға жоламауға кеңес береді, егер де қарыз алуға мәжбүрлік туындаса, содан құтылу үшін нақты жоспар түзіп, соны жүзеге асырғанша табандылық танытуыңыз керек.
        Ол үшін алдымен сіз өз-өзіңізге аудит жүргізіңіз: Ол неғұрлым нақты әрі айқын болғаны жөн. Ең бірінші кезекте – қолыңызға қалам алып, ақ параққа кімге қанша қарызсыз, қай банктене микроқаржы ұйымынан қанша кредитіңіз қалды, ерінбестен соның бәрін есептеп жазып, түгел тізіп шығыңыз. Оның көлемін білу тіпті қиын емес. Бүгінде біраз банктің мобилді қолданбасы жақсы жетілдірілген. Ішіне кіресіз де, қанша қалдық қалғанын бірден білесіз. Болмаса, қағазға шығарылған келісімшартта бәрі анық көрсетіліп тұрады. Ал оны жоғалтып алған болсаңыз, банкке хабарласып не бөлімшеге барып ақпарат ала аласыз. Есіңізде болсын, мұндай есептің өзі Сізге маңызды шешім қабылдауға сеп болады.
         Екіншіден, қай қарыздың қайсысын бірінші жабасыз, соны нақты шешіп алыңыз. Негізінен мұның екі тәсілі бар. Біріншісі, пайызы да, көлемі де көп кредиттен алдымен құтылыңыз. Өйткені, неғұрлым пайызы жоғары болған сайын, сіздің үстіне төлеп жатқан сомаңыз соғұрлым көп болады. Сондықтан алдымен жоғары пайызбен алынғандарынан құтылып, соңғы жағына бөліп төлеуге алынған не таныстардан пайызсыз алынғандарын жабатындай ете аласыз. Бұл мақсат үшін сізге қосымша табыс көзін тауып, уақыт пен күш сарқуыңызға тура келіп, қиналғаныңызда қарызсыз өмір сүргеннің әлдеқайда жақсырақ екенін ойлаңыз, сонда бойыңызда тау қопаратындай жігер пайда болары анық.
      Үшіншіден: кредиттеріңізді біріктіріп, қайта қаржыландыруды ойластырыңыз. Әр банктен бір алынған ұсақ кредиттеріңіз көп болса, оның бәрін бір жерге топтастыруға болады. Мұны қайта қаржыландыру процесі деп атайды. Бірақ бұл ретте оның тиімділігі қандай, пайызы аздан болып шыға ма – соны есептеу маңызды. Мұнда ай сайынғы төлем мен жалпы мерзімі бойынша үстіне төлейтін соманың алдыңғылардан әлдеқайда көп болып кетпеуін ескеру қажет. Әрине, жоғарыда айтқанда есептеумен мәселе бітпейді. Бірақ сіз бұл ретте қарызды жабуға қадам басқаныңызды ұмытпаңыз. Бұрын кредит төлейтін күн келген уақытта біртіндеп төлеп жүрген болсаңыз, енді сіз нақты соманы, мерзімдерді де біліп қалдыңыз.
       Төртінші әдіс:  Ең ірі кредитті біртіндеп болсын жаба беру. Яғни ай сайынғы соманы төлеумен шектелмей, шама келгенше бөлікке бөліп болса да құтылуға тырысу. Аса бюджетке салмақ түсіп кетпес үшін жалақыңыздың 10 пайыздай шамасын сол кредитке қосымша төлеуге әдеттеніңіз. Сонда қарыздан да құтыла бересіз, ал айлықтың 10 пайызы былайғы күні қайда кетіп қалғаны да біліне бермейді.
        Кезекті бір тәсіл – психологиялық деп аталады. Мұнда керісінше, қарыздың ішіндегі ең азынан бастау ұсынылады. Неге десеңіз, адам жетістікке жеткенін барынша тезірек көргісі келеді. Ал ұсақ қарыздар көлемдірек түрлеріне қарағанда оңайырақ жабылады. Сондықтан психологтар қарыздан құтылуды ойлаған адамның осыдан бастағаны жөн деген кеңес береді.
         Психологтар сонымен қатар, кредиті бар адамдарға жалған үміттерге иек артпауға кеңес береді. Мысалы біреулер бір кредитті жабу үшін, кезекті бір кредит алып жатса, екіншілер кредитті уақтылы жаппасам ешнәрсе етпейді, мүмкіндік болғанда бір жабармын деп арқасын кеңге салып жүре береді. Алдыңғысының осал тұсы, Сізге сол келесі банк не микроқаржы ұйымы (бір микрокредиттік ұйымның түрлі атаумен бірнеше бөлімше ашып тастағанын есте ұстау керек) түрлі себеппен кредит бермей қалса не істейсіз? ал екінші жағдайда сіз анық банк тарапынан «қара тізімге енесіз», ол жағдайда өзіңізге алдағы уақытта аса қажеттілік туындағанда ешбір қаржылық ұйымнан қандай да бір кредит ала алмайсыз.  Сол себепті қандай да бір істі жүзеге асырардан бұрын жан-жақты ойланып алғаныныз дұрыс. Сонда опық жеуден аман боласыз.
         Қорыта айтсақ, кредит алар бұрын ең алдымен соны кейін қалай қайтарамын деп жақсылап ойланып алыңыз, себебі алмақтың да салмағы барын естен шығармаңыз. Ал егер  түрлі себеппен соны алуыңызға тура келсе онда одан  құтылу үшін ең бастысы одан құтылуға деген мықты ерік-жігеріңіз болсын, сонда Сіздің ойға алған жоспарыңыз міндетті түрде жүзеге асатын болады.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...