Home » PRESS RELEASE » 21 КҮНДЕ КӘСІБІН АШЫП, ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕГЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРУ

21 КҮНДЕ КӘСІБІН АШЫП, ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕГЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ АРУ

       Бүгінгі қоғамда өзінің жеке кәсібін бастауға жүрексініп, бір айлыққа жегіліп жүрген жандар жетерлік.
       Жетісай қаласында тұратын Айсұлу Мырзабекқызы күні бүгінге дейін бір емес, бірнеше кәсіппен айналысқан жан. Жеке компанияда менеджер қызметін атқарып, одан кейін базарда сауда ісімен де айналысқан ол өзін түрлі бағытта сынап көріпті.
        “Отбасым үшін пісіретін құймақ, самса сынды дәмді нан өнімдерінің суретін өзімнің әлеуметтік желідегі парақшама жариялап жүргенмін. Осындай дәмділерімнің дәмін көрген туыстарымыз, достарымыз маған пісіріп беруге өтініш жасай бастады. Үйде отырған кездері осылайша біршама табыс таптым” дейді Айсұлу.
        Бір жолы ол “Бастау Бизнес” жобасы туралы естіп, қатысып көруге шешім қабылдайды. 21 күндік дәріс барысында, көп нәрсені біліп, көкейге түйген оның кәсіп ашуға деген құлшынысы одан әрі арта түседі.
        “Ас атасы – нан” демекші, бар берекенің бастауы нанда екенін жан жүрегімен түйсінеді. Көп ойланбастан өзі пісіретін нан өнімдері бойынша кәсіби маман ретінде жұмыс істеуді ұйғарады. Курс аясында ол кәсіпкерліктің қыр-сырына қаныға түсіпті.
       “Мемлекет тарапынан берілген атаулы грант қаржысы 1 млн 225 мың 200 теңгені құрады. Аталмыш қаржыға бизнес жоспарымда атап көрсеткен «Smeg Alfa» пеші, салқындатқыш сөре, қуаттылығы жоғары миксер, электронды таразы, қамыр илеуге арналған асүй комбайнын сатып алдым. Осы сәтте қуанышымда шек болмады. Бұл шындығында да мемлекеттің өз кәсібін жүргізуге ниетті жандарға көрсеткен үлкен қолдауы деп білемін. Өзімнің шексіз ризашылығымды білдіремін” деп өзінің алғысын білдірді кондитер.
“Бастау Бизнес” жобасына қатысқанға дейін қолда бар құрал-жабдықпен өз өнімдерін пісірген Айсұлу Мырзабекқызы табысының өте мол бола қоймағанын айтады. Шағын пеште аз-аздап пісіретіндіктен, аз нәрсенің өзіне көп уақыт жұмсалатынын, оның үстіне біраз жұмыс қолмен жасалғандықтан, көп күш қажет ететіндігін алға тартады. Ал, қазір жұмыс істеу әлдеқайда жеңілірек.
“Жаңа құралмен жұмыс істеудің жөні бөлек. Бастысы ісің өнеді екен. Пештің есігін ашқанда өте қатты ыстық леп еседі. Бұл кәсібімнің маған деген жылуы деп білемін. Бұған дейін істеген жұмыстарымда шаршауым басым болды. Ал, кондитерлікті қолға алғалы бері әр өнімім піскен сайын рахат бір сезімді бастан кешемін. Қолымнан шыққан дәмділер тұтынушы қолына тиіп, олар дәмін татып, өз ризашылықтарын білдірген кезде өзімді бақытты сезінемін. Нақтырақ айтқанда, өзімнің нағыз кәсібімді енді ғана тапқандаймын” дейді жас кәсіпкер.
        Кез-келген іс бірден дөңгелеп жүріп кетуі үшін осы жолда еңбек етіп, тер төгу қажет-ақ. Ісін енді ғана қолға алған Айсұлуды да кедергілер айналып өтпеді. Сатып алған құрал-жабдықтарының көлемі үлкен болғандықтан өз үйінде жұмыс істеу мүмкін болмапты. Осындай қысылтаяң шақта бауыры қолдау көрсетіп, өзі жұмыс істейтін кондитерлік цех ішінде жұмысын жүргізуге шақырыпты.
       “Қазіргі таңда, самса, құймақ, тәтті тоқаш, бәліш, торт, бауырсақ секілді түрлі нан өнімдерін пісірумен айналысып жатырмын. Аталған өнімдерді тапсырысқа сай, қала ішіндегі түрлі дүкендерге жіберіп отырмыз. Тортты тек арнайы тапсырыспен ғана әзірлеймін. Біздің аймақта халық өте тығыз орналасқандықтан, біз дайындайтын өнімдерге сұраныс өте жоғары. Оның үстіне той, жиындар да жиі өткізілетіндіктен, тапсырыс берушілер жетерлік.
        Сонымен қатар бүгінде Жетісай қаласынан ашылған «Родной бургер» атты бургер орталығымен бірлесе жұмыс істеуді қолға алдым. Өзімнің күнделікті жұмысыммен қатар, аталмыш бургер орталығының да тапсырысын орындап жүрмін. Алдағы уақытта елдің сұранысына сай ассортимент түрлерін де көбейтпекпін”, – дейді кәсіп иесі.
        Пісірген дүниелерінің дәмі татқан адамның таңдайында қалатын Айсұлу Мырзабекқызы әрбір іске асқан дайындықен келген жөн деп есептейді. Жүйелі жоспарлары тізулі тұрған жетісайлық кондитер әрбір істің орындалатын өз кезеңі болатынын айтады.
         “Өзімнің жеке цехымды ашуды жоспарлап отырмын. Бірақ бұған біршама дайындық керек. Әрі тәжірибе де мол болуға тиісті. Қазір әпкеміз екеуміз бірлесе жұмыс істей отырып, бір-біріміздің білгенімізбен бөлісеміз. Яғни, бір-бірімізді толықтыра түсудеміз. Дәл қазіргі кезде, сала барысында өз шеберлігімді арттыра түсу аса маңызды болып отыр. Әрі халықтың қандай өнімге сұранысы жоғары екенін біліп, сол бағытты дамыта түспекпін.
         Алдағы уақытта цех аша отырып, әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін бірқатар нәзікжандыларды жұмыспен қамтысам деген ойым бар.
        Өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысқанға жетер ешнәрсе жоқ. Егер қойылған талапқа сай болсаңыздар, онда «Бастау Бизнес» жобасында бақ сынап көруге әбден болады. Мемлекеттің қолдауымен өз кәсіптеріңізді дөңгелетіп қана қоймай, біршама адамды жұмыспен қамти отырып, қоғамға зор пайдаларыңызды тигізесіздер” дейді Айсұлу Мырзабекқызы.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...