Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

           Облыс әкімдігінің апталық аппарат отырысында Жетісай және Мақтаарал аудандарының өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған аудандардағы жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары назарда тұрғанын мәлімдеді.
       – Ағын су мәселесі өте өзекті. Әсіресе шаруаларға су қажет болатын қазіргі кезеңде босаңсымаған жөн. Екіншіден, су нысандары уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Аудан басшылары жұмысын дұрыс атқармаған мердігерлер бойынша заң шеңберінде әрекет етсін, – деді Ө.Шөкеев.
       Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, ауданның елді мекендерін сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісай» АГТС салу» және «Кирово» АГТС салу» жобалары бойынша республикалық бюджеттен тиісті қаржылары бөлініп, жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың 85% аяқталған. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қосымша қаржылар бөлінген жағдайда нысандардың құрылыс жұмыстарын биыл аяқтауға мүмкіншілік бар. Бүгінгі таңда аудандағы елді мекендердің 52,8%-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған.
        Жиында газ станцияларына қосымша қаржы бөлу. Тік дренаждар мен каналдарды жөндеу, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу және өзге де аса өзекті мәселелер талқыланды.
       Мақтаарал ауданы бойынша да елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы түйткілдер тарқатылды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың мәлімдеуінше, аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл – аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1% құрайды. Газдандырылмаған 32 елді мекендерді қамту мақсатында Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының, АГТС «Мақтаарал» және Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елді мекеннің газ нысанының (1720 отбасы, 10658 тұрғын) құрылыстары жүргізілуде. Нысан құрылыстары 2023 жылға өтпелі. Аталған құрылыстарды биыл аяқтау үшін қосымша қаржы қажет екені айтылды.
       Сонымен бірге, 11 елді мекеннің ауыз су жүйесін жаңарту, тік дренаждар мен қашыртқыларды реттеу, жөндеу мәселелері де сараланып, облыс әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...