Home » PRESS RELEASE » Ш.ДІЛДӘБЕКОВТЕ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП, АЯҚ ЖОЛДАР ТӨСЕЛІНЕДІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Ш.ДІЛДӘБЕКОВТЕ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП, АЯҚ ЖОЛДАР ТӨСЕЛІНЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Ш.Ділдәбеков ауылдық округі тұрғындарымен
Бірлік елді мекенінде орналасқан №42 С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебі ғимаратында кездесу өткізді.

Ашық аспан астында өткен басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен мәслихат депутаты Марат Ділдәбеков,аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.

Тұрғындармен жүздесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті. Сонымен қатар, кездесуде Мұрат Болатұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, ауылдық округтегі II тоқсанда кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысын айтып өтті.

Достық елді мекенінен жаңа мектеп ғимаратын салу үшін, қазіргі таңда жер телімі қарастырылуда. Байдала, Қызылтаң елді мекендерінен мектеп салу мәселесіне тоқтала кетсек, Жетісай ауданы бойынша 2025 жылға дейін жайлы мектеп бағдарламасы бойынша 6 мектеп салынатын болады. Байдала, Қызылтаң елді мекендеріне жайлы мектеп бағдарламасы бойынша 2024 жылы 600 орындық мектеп салу жоспарға енген. Жамбыл елді мекенінен жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер телімі қарастырылуда.

Алпамыс елді мекеніндегі ұзындығы 0,8 шқ құрайтын Ақниет көшесін жарықтандыру мақсатында сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына қаржыландыруға ұсыныс жолданатын болады.

2021 жылы Сырабат елді мекенінің тұсынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойынан 11,5 млн. теңгеге ұзындығы 900 метр жаяу жүргіншілерге арнайы жол салынған.
Аталған жолдың бойындағы Алпамыс елді мекенінің тұсынан ұзындығы 400 метрді құрайтын аяқ жол салу және Сұлубұлақ елді мекеніндегі ұзындығы 1100 метрді құрайтын Ұқыптылық көшесіне аяқ жол салу үшін сметалық құжаттамалары жасалынған. Құны 25 млн. 791 мың теңгені құрайды. Аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына қаржыландыруға ұсынылады.

Ш. Ділдәбеков ауылдық округі Жаңадала елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы сметалық құны 225,0 млн.теңгені құрайтын жобаға облыстық бюджеттен қаржылар қарастырылып, 2019-2020 жылдары құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға қабылданған.Мердігері «AkBarsStroy» ЖШС-гі. Аталған нысанның қосылу көзі болып табылатын қолданыстағы «Кирово» газ тарату стансасы бүгінгі таңға жобалық мөлшерден артық жүктемемен жұмыс жасауына байланысты, газға қосу мүмкіншілігі шектелген. Мәселені шешу үшін республикалық бюджеттен Ынтымақ ауылдық округінде «Киров АГТС салу» құрылысына қаржы қарастырылып, 2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. «Кирово» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін аталған елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылады.

Кездесуде округ тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, толғандырған барлық мәселелерге аудан басшысы кезекпен жауап берді.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...