Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ

         Күллі түркі халықтарының екінші меккесі, түркі халықтарына ортақ, әлемнің рухани асталаналарының бірі – Түркістан қаласының «Керуен сарайы» туристік кешені аумағында Жетісай ауданының Түркістан қаласындағы мәдени күндері аясында «Жер жұмағы Жетісайдың – рухани Түркістанға тартуы» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.
          Шара барысында ауданның қолөнер және қылқалам шеберлерінің, ауыл шаруашылығы тауар өнімдірушілерінің, «Туған жерім, жұмағым – Жетісайым!» атты рухани кітап және Жетісай ауданы этномәдени орталықтарының «Жетісай – бірлік пен татулықтың мекені!» атты ауданды мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының көрмелері ұйымдастырылды.
        Шараға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков арнайы қатысты.
       «Талай-талай өнер тарландарын түлеткен Жетісай ауданында мәдениет, өнер, спорт саласы жақсы дамыған. Аға буынға қарап өскелең ұрпақ, жаңа буын бой түзеп келеді. Аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларда белсене қатысатын аудан тұрғындарының жеткен жетістіктері де аз емес.
       Бүгінгі іс-шараға біз бар мүмкіндігіміз бен қарым-қабілетімізді салып отырмыз. Рухани мәдениетіміздің дамуына өз үлестерін үздіксіз қосып, киелі Түркістан аспанын әсем әуендерімен тербететін өнерпаздарымыздың өнері қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығады деген үміттеміз» дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.
         Қазақы салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды кеңінен насихаттай отырып, ауыл мәдениетін көтеру, ел арасынан талантты да, дарынды өнерпаздардың, спортшылар мен қолөнершілердің шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, ауылдың тыныс-тіршілігін, қазыналы қариялар мен жастардың ауыл мәдениетiн көтерудегі рөлін арттыру, ауылдың алтын қазығы болатын әрбір отбасының өз туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған рухани кеште аудан өнерпаздары бостандық пен ерлікті, татулық пен жетістіктерді дәріптейтін патриоттық әндерді шырқаса, мың бұралған бишілер тобы елімізді мекен еткен түрлі ұлттардың биін нақышына келтіріп орындады.
       «Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халқымыз. Атаның қанымен, ананың жасымен сан ғасырлар сағындырып жеткен егемендік тұсында елдігі бекем, ертеңі жарқын еңселі, тұғырлы ел болуды Алла бізге нәсіп етсін! Бүгінгі керемет көңіл-күй сыйлаған тамаша кеш үшін жетісайлықтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Қазақы нақыш, қазақы иісі аңқыған осынау шараны немерелеріммен бірге тамашалап, марқайып қалдық. Баршаңыздың шаңырақтарыңыздан иманды ұл, ибалы қыз өсіп, мәртебелеріңіз биік болсын! Шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін!» дейді Алматы қаласынан қонаққа келіп, рухани кештің куәсі болған Базаркүл Қалиева.
        Концерттік бағдарлама соңында мерекелік отшашу атылып, ауыл шаруашылығы көрмесіне қойылған өнімдер тұрғындарға тегін таратылды.
        Айта кетейік, бүгін, яғни, 6 тамыз күні сағат 19:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектеп оқушыларының «Балалар жылы» аясында «Түркістан – болашақ балғындардың құтты мекені» атты концерттік бағдарламасы ұсынылатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...