Home » Қоғам » Білім саласы » ОСЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАНУЫМЫЗ КЕРЕК ЕДІ

ОСЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАНУЫМЫЗ КЕРЕК ЕДІ

        «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтса, Ал, К.Аханов: «Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Әр ұлттың өз тілі өзге тілге жеткізетін көпір есепті. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деген болатын. 
      Елімізде мемлекеттік тілді дамытумен қатар, қолға алынған «үш тұғырлы тіл» бағдарламасы да негізінен өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті жоба болатын. Себебі, қазіргі кезде бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар ғана өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте ала алады. Яғни, бүгінде бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналып, өздері таңдаған жоғары ақылы жұмысқа еркін тұра алады.
       «Үш тұғырлы тіл» жобасын ұсынушылардың жіберген басты қателігі, олар негізгі назарды орыс және ағылшын тілдеріне аударында дер едім. Бір жағынан олардың ойлары логикаға сәйкес те келеді. Мысалы бұрынғы КСРО құрамында болған елдердің көбі мен Шығыс Еуропа елдерінде орыс тілі әлі де қуатты. Оның аудиториясы қазақ тіліне қарағанда оншақты есе көп. Ал ағылшын тілі №1 халықаралық тіл десек қателеспейміз. Оған қоса біздің елде де бүгінде өзін құрметтейтін компаниялар жұмысқа сол тілде еркін сөйлей алатын мамандарды алғысы келеді. Сонымен бірге, сол тілді жақсы меңгергн маманға жоғарыда айтылғандай өзге елдерден өз саласы бойынша жұмыс табу оңайырақ.
       Яғни олар осы арқылы орыс пен ағылшын тілдерін білу заман талабы, қажеттілік деп түсіндіреді. Алайда, біздің еліміздің аумағында мемлекеттік, яғни қазақ тілін еркін білу барлық қандастарымыз бен ел аумағында тұрақты тіршілік ететін немесе жүмыс, туристік сапармен жүретін өзге ұлт азаматтары үшін сондай басты қажеттілік екендіктерін түсіндірулері керек еді. Себебі, жыл өткен сайын еліміздегі қазақ ұлтының саны артуда. Бүгінде тіпті бұрын өзге ұлт өкілдері басым болатын солтүстік өңірлерде де қандастарымыздың қатары көбейгенін байқаймыз. Яғни мемлекеттік тілдің ауқымы кеңейе бастады. Демек еліміздегі өзге ұлт өкілдері өзара қарым-қатынас жасағанда бұрынғыдай орыс тілін емес, мемлекеттік яғни қазақ тілін пайдаланулары қажет деп санаймыз.
      «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында негізінен еліміздің барлық балабақшаларында, содан кейін мектептердің (ол негізінде қай тілде не аралас білім ордалары болса да) бастауыш сыныптарда мемлекеттік тілге басымдылық беріліп, одан кейінгі сыныптарда ғана орыс және ағылшын тілдері оқытылуы керек еді деп ойлаймыз. Өйткені баланың ерте жастан алған білімі оның миында өмір бойына жақсылап сақталып қалатыны белгілі. Сонымен бірге бұл бағдарламаны ұсынушылар, оның тек қазақ тіліндегі мектептерге ғана емес, өзге тілді мектептерге де қолданылатынын, соның арқасында еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің балалары да мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жаза алатындықтарын көпшілікке түсіндірулері керек еді. Себебі, қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ел аумағында тіршілік ететін барша азаматқа ортақ тіл. Яғни, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондай мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жаза алатын өзге ұлт жастары танымал БАҚ-тар мен әлеуметтік желілер арқылы  кеңінен насихатталғанда және олар егер мемлекеттік қызметке тұрса біршама материалдық жеңілдіктер жасалғанда көптеген қазақ тілінің жанашырларының оған деген теріс пікірі болмас еді.
         Егер жоғарыдағы жайлар назарға алынатын болса, онда тіл жанашырлары «Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде мемлекеттік тілге зияны жоқтығын, қайта оның дамуына үлкен сеп болып жатқанына көздері жетер еді. Сонда ғана сол стратегияның, сол саясаттың жарқын болашақта нәтижесінің оң болары анық. Бұған қосымша тек мептерде ғана емес, сонымен бірге, ЖОО-лардағы орыс және ағылшын тілін оқытатын педагогтарда міндетті түрде  мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс деп ойлаймын. Яғни, жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілдері қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек, сонда ғана қазақстандқ жастар үш тілге бірдей құрметпен қарайтын болады.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...