Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ ТІК ДРЕНАЖ МӘСЕСЛЕРІ ШЕШІЛІП, ЖЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ ТІК ДРЕНАЖ МӘСЕСЛЕРІ ШЕШІЛІП, ЖЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ ТІК ДРЕНАЖ МӘСЕСЛЕРІ ШЕШІЛІП, ЖЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2022 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Мұрат Болатұлының кезекті кездесуі Асықата кентінде жалғасты.
         Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тойым Жүнісов, мәслихат депутаттары Гүлжан Убайдина мен Марат Ділдабеков, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Мейірман Халықов пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, жергілікті тұрғындар қатысты.
         Кездесуді көктемде көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен таныстырудан бастаған аудан басшысы Асықата кенті тұрғындарының тұрғын үй салуға қажетті жер учаскелеріне мұқтаждығына тоқталды.
         Бүгінде 16 мыңнан астам тұрғыны бар Асықата кентінде 1774 адам тұрғын үйге қажетті жер учаскесіне мұқтаж. Мәселені шешудің тиімді тәсілі ретінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес, 09.04.2021 жылғы Жетісай ауданы әкімдігі және Жетісай аудандық мәслихатының №345 және №6-36-VII санды «Жетісай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері» туралы Жетісай ауданы, Асықата кенті әкімшілік шекарасына Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан 336,13 гектар жерлерін қосу жолымен Асықата кентінің әкімшілік шекарасын 700,07 гектарға арттыру бойынша бірлескен қаулымен шешім қабылданған. Казіргі таңда Жетісай ауданы әкімдігінің атынан бірлескен қаулы мен шешімін мақұлдау мақсатында Түркістан облысының әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатына ұсынылған.
         Сонымен қатар, басқосуда Асықата кенті аумағында орналасқан 39 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы көлемі анықталып, алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтқан аудан әкімі тік дренаждарды да айтып өтті.
        «Асықата кентінде тік дренаж салатын орындар белгіленіп, мемлекеттік актісі алынған. «Қазсушар» РМК Түркістан облысының Жетісай аудандық тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесіне тік дренаж салатын орынның мемлекеттік актісі және құрылысын жүргізуге ұсыныс берілген. Қазіргі уақытта Асықата өңірінде 210 дана, соның ішінде Асықата кентінен 2 дана тік дренаждардың сметалық-жобалары «Жер-Ана» ЖШС мекемесі тарапынан дайындалып, мемлекеттік сараптамаға (экспертиза) тапсырылған» деді Мұрат Болатұлы.
           Сонан соң аудан әкімі жергілікті тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Кездесу мен жеке қабылдау барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлер, өтініштер хаттамаға енгізілді. Тиісті жауаптар берілді. Зерделеуді қажет ететін кейбір мәселелер бойынша белгіленген мерзім ішінде жауаптар берілетінін айтты.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...