Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ПЕСТИЦИДТЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ПЕСТИЦИДТЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ПЕСТИЦИДТЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

          Пестицидтер (лат. pestis-«инфекция» + caedo «өлтіру») – зиянкестермен және өсімдік ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі паразиттермен, арамшөптермен, астық және астық өнімдерінің зиянкестері, ағаш, мақта өнімдері, жүн, тері, эктопаразиттермен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар.
         Пестицидтер адам ағзасына қалай түседі? Ол – қоршаған ортаға яғни топыраққа түседі, соcын өсімдіктерге еніп, жемістеріне пайдасын тигізеді.
          Ағзаға тамақпен бірге ішек жолдары арқылы енеді. Қазіргі таңда жаңа өнім жеміс-жидектердің түр-түрлері пісіп, адамдар пайдаланып жатады. Ал ол жеміс-жидектердің  құрамында қаншалықты пестицидтердің қалдықтары  бар екені беймәлім. Бүгінгі таңда олардың адам денсаулығына қауіптілігі – маңызды мәселенің бірі болып табылады. Оларға жататын кез-келген химиялық қосылыс адам ағзасына аз мөлшерде болса да зиянды әсерін тигізеді. Биологиялық және физиологиялық процестердің бұзылулары, түрлі уланулар болуы мүмкін, ең қауіптісі пестицидтті өнімді ұзақ уақыт пайдаланып, мән бермеу салдарынан адамда түрлі ауруларға шалдығу және қатерлі ісік (рак) ауруын тудыруы мүмкін.
           Пестицидттерден уланулардың белгілері: құсу, артериялық қысымның көтерілуі, бас ауруы, ұйқышылдық, диарея, қозғалыстардың үйлестірілуінің жоғалуы, бет бұлшық еттерінің спазмы, әлсіздік, сананың жоғалуы, ауыр түрде адам комаға түсіп, өліп қалу қауіпі бар.
          Тері арқылы шырышты қабықтарға әсер етіп, мұндай қосылыстармен ұзақ уақыт байланыста болған жағдайда адам қатты аллергияға ұшырайды, терінің қышуы, мұрынның шырышты қабығының қатты тітіркенуі және жөтел пайда болады. Барлық осы белгілер кейіннен псориаз сияқты созылмалы ауруларға айналуы мүмкін. Өкпе аурулары бар адамдар пестицидті өнімдерді пайдаланғанда тұншығу қаупі басым.
          Пестицидттердің мөлшерін азайту мақсатында  дүкеннен алған көкөністерді  ағын су астында жуып, тоңазытқышта салып қою қажет немесе тұзды суға  30 минут аралыққа салып қою қажет.
          Көкөністі  тұтынғаннан кейін улану жағдайын алдын алу үшін  қайнаған су ішкен  абзал екендігін есте сақтаған жөн. Көкөністерді дұрыс тұтынайық, өз денсаулығымыз өз қолымызда.
                                                                  Динара АБДЕШЕВА,
 Мақтаарал аудандық санитариялық  бақылау басқарма басшысының орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...