Home » Қоғам » СОТТАЛҒАНДАР ӨЗДЕРІНЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТІ ҚАЛТ ЖІБЕРІП АЛЫП ЖАТАДЫ

СОТТАЛҒАНДАР ӨЗДЕРІНЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТІ ҚАЛТ ЖІБЕРІП АЛЫП ЖАТАДЫ

           Қылмыс жасап заң алдында жауап берген адам үшін бас бостандығынан шектеу жазасына тартылу –  үлкен мүмкіндік. Пробация қызметінің бақылауына алынған адамдардың өзі сот жүктеген міндетті орындамай, бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып жатады. Олар өздерінің жіберген қателігін әсте ескермесе керек. Сөйтіп өкінішке орай өздеріне Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті қапыда қалт жіберіп алып жатады.
         Осы пробация қызметі деген не? Оның мақсаты мен міндеті қандай? Пробация есебінде тұрғандарды тәрбиелеу үшін қандай жұмыстар жасалуда? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Шымкент және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Ділшат Назаровпен сұхбаттасқан едік.
        – Дәке, алдымен оқырмандарымызға «Пробация қызметі» дегеніміз не және оның функциялары туралы қысқаша айтып кетсеңіз.
       – «Пробация» – латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу пробация қызметкерлерінің басты міндетінің бірі. Адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру болып табылады. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын бұлжытпай орындауы қажет. Міне, осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды.
       – Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар абақтыға қамалып жатады. Осы түрмеге тоғытылмаудың жолына да тоқтала өтсеңіз?
      – Әрине, пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған адам заңды қаскөйлікпен бұзған жағдайда ол жазаның өтелмеген бөлігін абақтыда өтейді. Кейбір азаматтар өздеріне Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті жіберіп алып, қамауға жіберілгенде өкініп жатады. ПҚ бөліністері және Жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға қатысты қадағалау мен бақылау жұмыстарында ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы», 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы» қағидалардың (бұдан әрі-Қағида) және ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысы бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы» (бұдан әрі-Қағида) басшылыққа алып жұмыс атқарады. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі де түсіндіріледі.
       – Қазіргі таңда Жетісай ауданында қанша сотталған тізімде тұр, олардың арасында түзелу жолына түспей, қайта сотталғандар бар ма?
        – Жетісай ауданы бойынша бүгінде 187 азамат пробациялық бақылауға алынған. Былтырғы жылы 333 адам пробациялық қызметінің есеппен өткен. Есептік кезеңнің соңында 242 адам тіркелсе, 2022 жылы 183 сотталған тіреуде қалған. Қарап отырсақ, 59 сотталғанға қысқарған. Оның ішінде жазасын өтеуші әйелдер саны – 17, кәмелет жасына толмағандар 1 сотталған. Бүгінгі күнге дейін Жетісай аудандық пробация қызыметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтар арасында қайта қылмыс жасаған азаматтардың сны -3, Қылмыс санаттары бойынша сотталғандарға тоқталар болсақ, ескерту шарасы қолданылған – 41 соның ішінде қаскөйлікпен тәртіп бұзған 7 сотталған азаматқа қатысты Жетісай аудандық сотына ұсыныс жолданып, 3 сотталған азамат бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді. Ал, қалған 4 ұсыныс аудандық соттың қаулысымен қанағаттандырылудан бас тартылды. Ауыр емес қылмыс – 1, аурлығы орташа қылмыс – 2, ауыр қылмыс – 1 сотталған пробациялық бақылауда тұр. ҚР ҚК-нің 73-бабымен түзеу мекемелерінен босатылып, шектеу жазасына ауыстырылғандардың саны – 34 сотталғанды құрайды. Сонымен қатар жаза өтеп жүріп қайтадан қылмыс жасау деректеріде орын алуда, қазіргі таңда жеті сотталған қайта қылмыс жасап отыр. Пробация қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыс жасауда. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетілуде. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады. Сонымен қатар, Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу.
       – Жетісай ауданы бойынша пробациялық есепте тұрғандарға қандай көмектер мен мүмкіндер жасалуда?
      – Шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге ықпал етудің маңызы зор. Пробация қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыс жасауда. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағы да басқа көмектер көрсетілуде. Олар өздерін қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысады. Сонымен қатар, Пробация қызметкерлерінің міндеті – бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу. Сол бағытта тұрақты жұмыстар атқарудамыз.
         Бүгінде Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға өздерінің әлеуметтік жағдайларына байланысты көмектер көрсетілуде. Атап айтар болсақ, оның ішінде медициналық көмек алғандар – 52. Психологиялық көмек алғандар – 52, Жұмысқа орналасқандар -26, адам жұмысқа орналасып, отбасын асырап отыр. Оның ішінде, квота арқылы жұмысқа орналастырылғандар саны – 12 орналастырылды. Оның ішінде, 35 сотталған құқықтық көмек алды.
        – Сонда пробация қызметі сотталғандарды тәрбиелеуші қызмет түрі болып табылады ма?
       – Әрине, Пробация қызметінің құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, қоғамнан оқшауламай-ақ, қылмыстық жазаларды барынша кеңінен қолдануға жағдайлар туғызып отыр. Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олардың түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды.
          Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау.
           Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.
     –   Сұхбатыңыз үшін рахмет!
     –  Сізге де рахмет!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...