Home » Business » «ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ БІЗ СӘБИЛЕР ӨЛІМІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ЕРТЕ МҮГЕДЕКТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОНДАҒАН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫҚ»

«ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ БІЗ СӘБИЛЕР ӨЛІМІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ ЕРТЕ МҮГЕДЕКТІКТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОНДАҒАН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫҚ»

          Жыл сайын Елордада орта есеппен 30 мыңнан астам бала дүниеге келсе, оның 1,5 мыңға жуығын шала туған сәбилер құрайды. Ретинопатияны анықтау үшін ерте туған нәрестелердің скринингі Астананың төрт медициналық орталығында: үш Перинаталдық орталықта және АБҰҒО-да жүргізіледі. Тек осы мекемелерде ғана офтальмолог-дәрігерлер жұмыс істейді, олар ең ертеректегі белгілері бойынша осы көздің зұлым ауруын танып, емдей алады.
          2007 жылы құрылған AYALA қорының көмегінің арқасында бүгінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалау мен емдеу жақсаруда. Себебі, осы медициналық орталықтың офтальмологиялық қызметі «Шеврон» компаниясынан АҚШ-та жасалған заманауи ретиналды камераны алды. Енді дәрігерлер шала туған нәрестелердің көз ауруын сапалы және жедел түрде анықтап, емдей алады, өйткені оларда қажетті офтальмологиялық жабдықтардың толық жиынтығы: ретинальды камера, офтальмоскоп және лазерхирургиялық қондырғы бар.
             «Осыдан бiрнеше жыл бұрын Қазақстанның Перинаталдық және ғылыми орталықтарын ерте шала туған балалардың ретинопатиясын ерте скринингке арналған жабдықтармен жабдықтау өте нашар жағдайда болды — ол тек 4 орталықта ғана тұрды. Біздің қордың күш-жігерінің арқасында олармен еліміздің 16 медициналық мекемесі, соның ішінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы жабдықталды. Бұл Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен қамтуды шамамен 12%-ға ұлғайтуға, шала туған балаларда ретинопатияны анықтауды 20%-ға арттыруға және ретинопатия кезінде көз торын лазеркоагуляциялау бойынша оталардың үштен бір бөлігіне көбірек жүргізуге көмектесті. Біз «Шеврон» компаниясына көру қабілеті бойынша жаңа туған балалардың мүгедектігін азайтуға көмектескені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл ұлт денсаулығына өте маңызды және құнды үлес», деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
          Ал, «Шеврон» компаниясының өкілі, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Жанар Қошпанова: «Шеврон» компаниясы 2007 жылдан бері AYALA қорымен ынтымақтасып келеді. Осы уақыт ішінде біз сәбилер өлімін азайту және ерте мүгедектіктің алдын алу бойынша ондаған жобаларды жүзеге асырдық. AYALA қоры Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтау және дер кезінде емдеу бойынша жұмысты алғашқы болып бастағандардың бірі болды. Қордың 2021 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан кешенді және жүйелі жұмыстарының арқасында көру қабілеті балалар бойынша мүгедектігі мен балалар соқырлығы бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді. Біз бүгін Ана мен бала ұлттық орталығына беретін офтальмологиялық жабдықтар жиынтығы сәбилерге әлемді барлық бейнесімен көруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп атап өтті.
          Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. 1993 жылы Қазақстанда жұмыс істей бастағаннан бері «Шеврон» компаниясы Алматы және Астана қалаларындағы перинаталдық және неонаталдық бөлімшелер мен орталықтарға жүздеген арнайы жабдықтарды тапсырды, еліміздің барлық өңірлерінен дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған ондаған біліктілікті арттыру курстары өткізілді, сондай-ақ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «AYALA академиясы» онлайн-платформасы құрылды, оның көмегімен неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер өздерінің негізгі жұмысынан қол үзбей біліктілігін арттыра алады.
            2023 жылдың күзінде «Шеврон» компаниясының арқасында бұл платформада Қазақстанның жетекші офтальмолог-дәрігері Әсел Үсенбайқызы Шариповадан тегін бейнекурстар орналастырылады. Курстар қазақстандық офтальмологтарға жаңа туған нәрестелердің көз ауруларын, соның ішінде ретинопатияны диагностикалаудың және анықтаудың теориялық негіздерін алуға көмектеседі. 2022 жылы Көз аурулары ҚазҒЗИ мен Әсел Үсенбайқызы Шарипованың басшылығымен 12 офтальмолог оқытылды, олар ретинопатия диагностикасын меңгеріп алды. Олардың білімі мен заманауи диагностикалық және лазерліхирургиялық жабдықтардың болуы алдағы 5 жылда Қазақстандағы мыңдаған жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін құтқаруға көмектеседі.
            «Шеврон» компаниясы AYALA қорының бұдан да басқа маңызды жобаларына белсене демеушілік танытып, еліміздің әлсіз қорғалған қоғам мүшелеріне жан-жақты көмек беруде. Солардың бірі – ағымдағы жылы Алматы қаласында өткен AYALA қайырымдылық қоры («Шеврон» компаниясының қолдауымен) және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырған Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда жұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы. Онда – реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде орта медицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару  жайы сөз болды.
          Қазақстандағы орта медициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы осы кәсіби іс-шараға – Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері қатысты.
          Жиын барысында «Шеврон» компаниясының өкілі, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Жанар Қошпанова: Неонатальды медбикелердің халықаралық форумы – Қазақстанда балалар денсаулығын одан әрі дамытуға көмектесетін және оның кішкентай азаматтарының денсаулық сапасы мен өміріне оң әсер ететінтәжірибе алмасудың пайдалы әрі тиімді алаңы: «Перинатология мен неонатологияны қолдау «Шеврон» компаниясының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біздің ұранымыз: «Дені сау балалар – дені сау ұлт», сондықтан  15 жылдан астам уақыт ішінде біз AYALA қайырымдық қорының перинаталдық және неонаталдық диагностиканың өзекті мәселелерін шешуге, ұрық пен жаңа туған нәрестеге сапалы медициналық көмек көрсетуге, перинаталдық және неонаталдық орталықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартуға,сондай-ақ неонатолог дәрігерлердің және орта медициналық персоналдың біліктігін арттыруға бағытталған жобаларына қолдау көрсетіп келеміз»-деді.
          «Шеврон» компаниясы елімізде AYALA-дан басқа да қорлармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, ол балалар мен жастардың әлеуетін дамыту үшін 2022-2023 жылдары «Орталық Азияның Еуразия қорымен» бірге Атырау қаласындағы Абай орталығында «Jas Space: Атырау қаласы жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасын іске қосты. Мақсаты – STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) бағыттары бойынша білім беру және  STEAM саласындағы кәсіптерді танымал ету болған бұл шараның арқасында «Шеврон» еліміздің көптеген білімді жастарына даңғыл жол ашып берді десек те болады.
       Алдағы уақытта да «Шеврон» елімізде басқа да осындай маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра беретініне сенімдіміз.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, Жетісай ауданы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...