Home » Қоғам » КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛЫМ-2021 НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛЫМ-2021 НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

       Қорғаныс министірінің тапсырмасын орындау мақсатында және 2021 жылғы көктемгі әскерге шақыру шеңберінде армияның беделін көтеру, мерзімді әскери қызмет өткерудің оң келбетін құру мақсатында «Көктемгі шақыру 2021»  Республикалық науқаны басталды.
        Наурыз бен  шілде айлары аралығында ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құралымдарға шақыру үшін шақырылушыларды алдын-ала зерделеу және іріктеу жүргізіледі. 2021 жылдың 01 наурыз айынан басталды. Биылғы жылы 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге шақырылуға құқығы жоқ немесе әскер қатарына шақырылудан босаған азаматтардан басқа, мерзімді әскери қызметке шақырылу жасына жатады. Бұл ретте әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында короновирустық инфекцияны енгізуін және таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында жиын (әскерге шақыру) пункттердің кіре берісінде медициналық посттар (фильтрлер) орналастырылды. Жас буынды салтанатты шығарып салулар тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамында дәрігер-инфекционисттер енгізілді. Сонымен қатар шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді дені сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.
       Осыған байланысты шақыруды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру және медициналық комиссияларды құрайды, оның төреғасы әкім орынбасары, ал медициналық комиссияның төрағасы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып табылады. Әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, сонымен қатар әскерге шақыру комиссия құрамына Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік, Қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, Жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.
       Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін IT-мамандықтары, сондай-ақ әскерге тағайындалған әскерге шақырылушының  денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметірлері 170 см. төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі. Сонымен бірге, Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға да мұқтаж.
       Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен СОVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезеңінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ  бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.  Әскерге шықырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде мынандай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк механик-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері , инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары. Оқу аяқталысымен олар мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады.
       Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамдарды тәртіпке, жауапкершілікке  үйретеді және дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады. Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер тобпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларды тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануды, күрделі әскери техниканы пайдалануды техникалық дағдыларға ие болады.Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғарғы білім бар әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Ал егер әскерге шақырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстаруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады. Сондай-ақ,  шақыру кезеңінде азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқықтар бар.
        Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:
  • отбасы жағдайы бойынша;
  • білімін жалғастыру үшін;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа себептер бойынша, мысалы:
  • оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
  • ауылды жерлердегі дәрігерлерге;
  • олардың құзірет мерзімдеріне Парламент немесе жергілікті уәкілетті органдардың депутаттарына;
  • тергеу астындағы тұлғаларға;
  • азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелері, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;
  • кеме экипаждарының мүшелері;
  • құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.
         Маңызы аз емес жаңалықтың бірі мерзімін кейінге қалдыруға құқықығы бар әскерге шақырылшылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:
  • Оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
  • Құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.
      Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді. Кеңесті Қорғаныс министрлігінің сайтындағы  телефондар арқылы да алса болады.
      Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударады. Ұдайы негізінде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ  әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі. Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізіледі. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі. Казарманың әр жайға орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орнатылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы  уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.
     Әскери дайындық қорытындысы бойынша ер-азаматтар әскери ант қабылдайды, одан кейін әскери қызмет атқару үшін тиісті лауазымдарға тағайындау жүргізіледі. Әскерге бару әрқайсымыздың Отан алдындағы ортақ паразымыз.
А.Ж.ҚАБЫЛОВ,
Жетісай және Мақтаарал  аудандарының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген  бөлімі бастығы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...