Home » Business » “Бұл алғашқы ауқымды және өте маңызды қоғамдық жоба»

“Бұл алғашқы ауқымды және өте маңызды қоғамдық жоба»

Halyk Bank пен ХАТУ IT-мамандарды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
        Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (“ХАТУ” АҚ) Halyk Academy қоғамдық жобасы бойынша алғашқы зертхананың ресми ашылуы өтті. Бизнесті цифрландыру серпілісі Қазақстан үшін білікті мамандардың тапшылығын туғызды. Сондықтан Halyk Bank және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (“ХАТУ” АҚ) Орталық Азияның ірі банкінің талаптарына сәйкес келетін бейіндік бос орындарға, сондайақ қажетті стэк технологияларға мамандарды даярлау бойынша бірлескен жобаны қолға алды.
          Антон Мусин, Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары:Бұл алғашқы ауқымды және өте маңызды қоғамдық жоба. Біз жобаның балашағы мен тиімділігіне үміт артамыз. Болашақ мамандарды даярлау деңгейін арттыруға бағытталған, материалдық-техникалық базаны дамытуға белгілі бір үлес қосады, студенттерге озық банктік технологиялармен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Halyk Academy қабырғасында студенттік стартаптар енді ауқымды жобаларға айналатынына сенеміз. Ал біздің бағдарламамыз студенттерді банк индустриясында IT-әзірлеуші маманы болуға ынталандырады“. Университетте Halyk Academy зертханасы ұйымдастырылды, оның негізінде банктік технологиялардың негізгі стэк орналастырылды. Halyk Bank негізгі платформалары – Homebank, Onlinebank, Camunda BPM әзірлеу құралдарына, бағдарламалау тілдеріне, шеңберлеріне қолжетімділікті ұсынды және студенттерге ыңғайлы болу үшін коворкинг зертханасының аймағы заманауи дизайнмен жасалды
       Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “Бұл Halyk Bank, ХАТУ университеті және Microsoft ынтымақтастығы сын-тегеурінге дайын Банк пен нарық үшін сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған мамандарды даярлайды. Жоғары оқу орнының әрбір студентіне және Банкке жаңа биіктерге жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жоба іске қосылды“.Келесі оқу жылының басталуымен Halyk Bank және ХАТУ оқу бағдарламасы тректерінің бірлескен әзірлеушісі болады. Қазірдің өзінде оқу бағдарламасына трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген. Halyk Bank технологиялар стегіне Microsoft-тың Azure Lab Services бұлтты сервисін қолдану қамтамасыз етіледі. Студенттер нақты ортаға бейімделе отырып, дипломдық жұмыстарды дайындау кезінде Research&Development үшін банктік кейстер мен жобалар және бизнес бағыттарыбойынша жұмыс істейді.
     
       Атаулы жоба Қазақстанда жоғары білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді және болашақта талантты жастарды Орталық Азияның ірі қаржы институты – Halyk Bankте тағылымдамадан өту қамтамасыз етіледіБанкте бірнеше жылдан бері HalykStart тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келе жатқанын естеріңізге саламыз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...