Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕЛІМІЗДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МІНДЕТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЕЛІМІЗДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МІНДЕТІ

ЕЛІМІЗДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МІНДЕТІ

          Өкінішке орай, тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық дерті, бүгінде тек біздің еліміз ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем қоғамдастығына аса қауіп төндіріп отыр. Осы қатерді жақсы сезінген мемлекет басшылығы бұл мәселеге қарсы күрес шараларын Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің бірінші кезектегі міндетіне айналдырды.
          Кез-келген адам – сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, ол тамырын тереңге жайған, «мемлекеттік организмнің» сау органдарын шырмап, оның тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел екенін жақсы біледі. Ал оның жалғыз емі бұл ауруға бүкіл қоғам болып қарсы тұруы болып табылады. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылса, сонда ғана  оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
         Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына ең басты соққы ретінде, соған қатысты орын алған немесе болғалы жатқан жайларды көрсеткен азаматтардың арызын атауға болады. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға құқылы. Қандай да болмасын «Қолы да, жолы да ұзын» адамдар ел азаматтарының құқығын таптауға құқық қорғау органдары жол бермейді. Соны арам ниетті азаматтар жақсы есте ұстаулары керек.
        Бұрыңғы кеңестік республикалар ішінде алғашқылардың бірі болып қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, бұл кеселге жан-жақты түсініктеме беріліп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдістері нақты көрсетілген.
          Әрине, бұл дертпен күресті бірінші кезекте барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ солай екен деп бар міндетті мемлекеттік органдарға аударып қоя салған дұрыс емес. Жоғарыда атап өтілгендей бұл жерде ел азаматтарының белсендігі, олардың қоғамға жат әрекетке деген төзбеушіліктері басты рөл ойнайды.  Яғни, мемлекеттік органдармен қарапайым ел түрғындары бірлесе отырып әрекет етсе ғана бұл дертті толығымен жоя алатын боламыз.
Р.АЛИМОВ,
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД
Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы,
әділет капитаны.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...