Home » Қоғам » ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Жүсіпбек Аймауытовтың: «Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бір шарт – жаскүнінде көрген өнеге, ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады» – дегені дәлел бола алады. Патриотизм дегеніміз – Отанды сүю деген түсінік. Отанды сүю – өз еліне адал берілгендік, оған қалтқысыз қызмет ету, оның мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау. «Үйді қорғау – есіктен, елді қорғау бесіктен басталады» – дегендей, отанды сүю туа сала пайда болатын сезім емес, сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, мектебіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады. Тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Әрбір азамат өз ұлтының тарихын жете меңгеріп, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңіргенде ғана «Елін сүйгеннің еңсесі биік» дегендей, намысы мен ұлттық рухы жоғары деңгейдегі азамат болып қалыптасады.
Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Ең аяғы, аң-құс та бір өңірді мекендеп, басқа аймақтарды жерсінбейді. Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Ең аяғы, аң-құс та бір өңірді мекендеп, басқа аймақтарды жерсінбейді.
Отан деген төрт әріптен құралған сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, оның қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені Отан деген тек туып өскен жерің ғана емес, ол – күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жерің, қазыналы қариясы мен ақ жаулықты анасы бар алтын бесігің, тай-құлындай бірге өскен құрбы-құрдастан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді балаң жүрген туған елің.
Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет. Себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған елінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды. Байтақ далада сан ғасыр көші-қонды күндер кешкен халқымыз талай қилы кезеңдерден өтті.
Прези­ден­тіміз Қ.Тоқаев Алаш ардақ­­тысы Әлихан Бөкей­хановтың «Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден» деген мазмұны терең сөзіне тоқ­та­лып, бұл сөздің қанша заман өтсе де өзектілігі жо­йылмай мәні арта түсетінін турасында айтып өтті.
Жүсіп Баласағұн «Кісі­ге екі дүние­де пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзу­лік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділ­дік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт таба­ды» деген. Бұл тұста ұят пен әділдік мінездің сыңары еке­нін ойда ұстау қажет. Білім ізгі­лікке жұм­салмаса, оның пай­дасынан зияны артуы әбден мүм­кін. Сондықтан Шығыс дана­лығы адам мінезінің көр­кем­дігін алдыңғы орынға шығарса керек.
Әйгілі батыс ойшылдарының бірі Эпиктеттің: «Сенің туған жерге жасаған ең үлкен жақсылығың – оның ғимараттарын биіктетуің емес, азаматтарының ақыл-ойын өсіруің. Биік ғимараттарда аласа ойлы адамдар өмір сүргенше, аласа ғимараттарда ойы биік, парасаты жоғары адамдардың тұрғаны артық»-деген сөзі де осы шындықты меңзеуде. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының тілімен айтқанда «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!».
Отанды, елді қорғағанда, атақ алу үшін, абыройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім болмасын, Отансыздықтың азабын тартпасын деп қорғау керек.
 «Торғай екеш торғай да, өз ұясын қорғайды» демекші, расымен де туған жерге деген ыстық сезім жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиеттерге жатады. Расында да әрбір адамға туған жердің топырағы ерекше ыстық. Ата-бабамыз түрлі жағдайлармен елінен жырақ кеткенде туған жердің топырағын, жусанын өзімен бірге алып жүреді екен. Сағынғанда есіне алып, сол топырақтан иіскеген.
Кез-келген кісі өз үйінде өзін еркін сезініп, ерекше сезімге бөленеді. Мұндайда халық даналығы: «Өз үйім – өлең тесегім», – дейді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» – деген сөз бекер айтылмаса керек. Өйткені әр нәрсе өз негізіне, өз тұрағына қайтады, яғни өз топырағыңнан қымбат дүние жоқ.
Қ.САЛЫҚБАЕВ,
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыру және үйлестіру
бөлімінің басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...