Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАНТУ СЫНАМАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАНТУ СЫНАМАСЫ

МАНТУ СЫНАМАСЫ

         Манту сынамасы — балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында жасалатын сынама. Ол — туберкулин бактериясынан алынған сығынды.
         БЦЖ вакцинасы иммундық жүйені нығайту үшін қолданылса, Манту сынамасы ағзаға туберкулез қоздырғышының ену реакциясын анықтайды. Бұл иммунитеттің қалай жұмыс істейтінін, нақты инфекциямен қалай тиімді күресуге болатындығын түсіну үшін қажет.
        Манту сынамасы вакцинациялау алдында 2 айдан асқан балаларға, ревакцинациялау алдында 1-сынып (6-7 жас) оқушыларына, туберкулез ошақтарындағы балалар мен жасөспірімдерге  және «тәуекел» тобындағы балаларға жасалады. Манту сынамасы салынғаннан 3 күннен кейін нәтиже оқылады.
      Манту сынамасының бағаланауы:
     1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе «инемен шаншу реакциясының» болуы (0-1мм);
     2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;
         3) оң – 5 мм және одан астам инфильтрат (папула) анықталса.
       Көлемі 15 мм және одан астам инфильтрат немесе везикуло-некроздық өзгерістер немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбай, гиперергиялық реакция ретінде бағаланады.
       БЦЖ-мен қайта вакцинациялау (ревакцинация), Манту сынамасының «Теріс» нәтижесі анықталғанда ғана салынады. Ревакцинация бала 6-7 жасқа толғанда, яғни бірінші сыныпқа барған балалар арасында салынады.
       Ревакцинация алдында (1-сынып оқушылар) балада Манту сынамасынан күмәнді нәтиже анықталса, Манту сынамасы 3 айдан кейін қайта жүргізіледі және оның нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ревакцинация жасалады.
Аргинбаева Гульсара Абдрахмановна,   
«Шиелі аудандық көпбейінді орталық аурухана» 
«Көкшоқы алғашқы медико-санитарлық көмек орталығы» аяжан.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАУ

       Мақтаарал ...

Ел болашағы – әр азаматтың таңдауында

        ...

Құрылтай сайлауына белсене қатысайық!

       Сайлау ...

23 ТАМЫЗДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ТАҢДАУ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...