Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әже – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеу, әжелердің өнегелі өмір тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету.

      Дөңгелек үстелге мектеп оқушыларының әжелері арнайы шақырылып, олар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық тәрбиеге қатысты құнды ой-пікірлерін ортаға салды. Әжелер бала тәрбиесінде үлкендердің ақыл-кеңесі мен өнегелі сөзінің маңызы зор екенін айтып, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың қажеттілігіне тоқталды.

        Кездесу барысында қатысушылар арасында еркін пікір алмасу болып, ұлттық тәрбиенің мәні, отбасыдағы үлкендердің орны және әженің тәрбиедегі рөлі кеңінен әңгіме арқауына айналды. Әжелер өздерінің өмірден түйген тағылымды ойларын айтып, жастарға ақыл-кеңестерін берді.

         Мазмұнды өткен дөңгелек үстел қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті. Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынның бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруге ықпал ететіні сөзсіз.

Г.ДЖИЛКИБАЕВА,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» КММ информатика пәні мұғалімі.

А.АДИЛБЕКОВА,

№10 «Қайнар» мектеп-гимназиясы» КММ шетел тілі пәні мұғалімі.

Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...