Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙДА БАНКТІҢ ЖАҢА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА БАНКТІҢ ЖАҢА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА БАНКТІҢ ЖАҢА БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

           Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында «БанкЦентрКредит» АҚ жаңа бөлімшесі ашылды.
           Банк ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен «БанкЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиал директоры Абзал Оналбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сұңғат Амангелдиев, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаттары Жұмағали Төреқұл, Ғазиза Шүкірбаева мен Хадиша Қожбанова, ауданның табысты кәсіпкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
           Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойымен және Ұлттық Валюта күнімен құттықтаған аудан басшысы банк жұмысына сәттілік тіледі.
             1988 жылы негізі қаланған «БанкЦентрКредит» АҚ 33 жылдан бері тұтынушыларға сапалы, тиімді қызмет көрсетіп келеді. Қазірдің өзінде 6 – 70 жас аралығындағы ел азаматтарына түрлі карталарды іске қосқан. Аталмыш карталармен кез-келген сауда нүктелерінде төлем жасауға болады. Одан бөлек банк жеке және заңды тұлғаларға тиімді пайыздық үстемемен несие беруді де қолға алған.
           «Біздің банк бөлімшелері жеке тұлғаларға 10 минут ішінде 7 млн теңгеге дейін кепілсіз, ал, кепілмен 100 млн теңгеге дейін несие беріледі. Ал, заңды тұлғаларға, шағын және орта бизнес өкілдеріне кепілсіз 20 млн теңгеге дейін несие беретін «БанкЦентрКредит» АҚ бөлімшелерінде иптекалық баспаналарға қатысты банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт – наурыз айынан бастап аграрлы салаға кепілмен 6%-дық несие де беріледі. Несие беру мерзімі – айналымдағы қаражат есебінен 3 жыл, инвестициалық қаражат есебінен 7 жыл» дейді «БанкЦентрКредит» АҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиал директоры Абзал Оналбаев.
            Жетісай ауданында қызметін бастаған банк ел аумағында ашылған 122-ші бөлімше болып отыр. Жыл соңына дейін өңірлерде тағы 20 бөлімше ашу жоспары бар.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...