Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

          Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдениет үйлерінде болып, құрылыстардың барысымен танысты.
         Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа жүргізілуі тиіс жөндеу жұмыстарының жалпы құны 691 млн 445 мың теңгені құрайды. Келесі жылы қолданысқа берілетін мәдениет үйінде мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар ауылдық кітапхана, спорттың волейбол, футбол және шахмат, ән, күй, би үйірмелері жұмыс істейтін болады. Жөндеуге жауапты «Намыс» ЖШС өкілдері кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарға отандық өнімдердің қолданылып жатқанын, жалпы 23 адамның жұмылдырылғанын айтады.
         Сонымен қатар, аудан басшысы Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйінде де болды. Соңғы 10 жылда қолданыстан шығып қалған мәдениет ошағына облыстық қазынадан қаралған 236 млн 223 мың теңгеге 732,4 шаршы метр аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 45 жылдан бері алғаш рет жүргізілген жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталып, қолданысқа тапсырылады деп жоспарлануда.
         Аудан басшысы мердігер мекеме «РемСтрой» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевке жұмыстың сапасы мен жүргізілу кестесін қатаң бақылауды тапсырды.
          Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келе жатқан 11 мәдениет үйінңң 1-і аудандық, 7-і ауылдық мәдениет үйлері болса, 3-і ауылдық мәдениет клубтары.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...