Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ЖЕТІСАЙ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЖЕТІСАЙ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«ЖЕТІСАЙ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

         Еліміздің батыстағы босағасы саналатын, Еуропа үшін Азияға ашылатын алтын қақпа іспеттес Орал қаласының 56 жылдық тарихы бар «Ақжайық» командасын бүгін өз алаңында қабылдаған «Жетісай» футбол клубының ойыншылары айқын басымдықпен жеңіске жетті.
         Кездесудің алғашқы таймының бірінші жартысында қонақтардың қарым-қабілетін бағамдаған жетісайлықтар қорғанысты күшейткен болатын. Әлсін-әлсін шабуыл ұйымдастырғаны болмаса, қақпаны көздеп гол соға қоймады. Әйтсе де, бірінші таймның екінші жартысында жасыл алаңда атой салып, шабуылды күшейтті. Арты-артынан ұйымдастырылған шабуылдар нәтижесін бермей қоймады. Ойынның 37-ші минутында Жетісайдың сұрмергені Рамазан Абылайхан есепті ашса, 6 минуттан соң, яғни, 43-ші минутта командаға жақында келсе де жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Әділет Омарбек есепті еселеді. Осылайша алғашқы таймды 2:0 есебімен аяқтаған алаң иелері ойынның 63-ші минутында Асылжан Асатулланың салған голымен ойынды қорытындылады.
         Аталмыш матчты тамашалап, жергілікті командаға жанкүйер болған Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы Қадір Сәрсекбаев кездесуден соң теңбіл доп шеберлерін жеңістерімен құттықтады. 16-тамыз күні өтетін кезекті кездесуде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.
        Айта кетейік, «Ақжайық»-ты айқын басымдықпен жеңген алаң иелері 18 кездесуде 34 ұпай еншілеп, турнир кестесінде ІІ орынға табан тіресе, 16-тамызда қонаққа келетін Павлодардың 2003 жылы құрылған «Екібастұз» командасы 29 ұпаймен VII орында тұр.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...