Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттау рәсімі өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттау рәсімі өтті

Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттау рәсімі өтті

            Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттау рәсімі өтті. №59 мектеп-лицей елорданың 100 мемлекеттік мектебінің ішінде ең энергиялық тиімді мектеп деп танылды.

          Рәсімді Еуропалық Одақ (ЕО) өзінің «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар» (SECCA) жобасы арқылы Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, ЕО–Қазақстан тұрақты энергетика күндері шеңберінде және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды. Іс-шараға оқытушылар, оқушылар, ата-аналар, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен ЕО-ға мүше мемлекеттердің елшілері, Астана қаласы әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері қатысты.
        ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас мырза Астана қаласы әкімдігінің Отын-энергетика кешені басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадиков мырзаменбірге мектепті марапаттады.
          Қатысушыларға сөйлеген сөзінде Елші Янкаускас мырза былай деді: «”Ең энергиялық тиімді мектеп” марапаты – сіздің мектебіңіз үшін тамаша жетістік! Құттықтаймыз! Жарайсыздар мектеп, мұғалімдер, балалар және олардың ата-аналары! Осы үлгілеріңіз басқа да мектептерді шабыттандырады, және бұл өмірімізді жасыл, ал қоршаған ортамызды сау етеді деп үміттенемін. Бұл Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлкен үлес. Еуропалық Одақ – сіздердің осы қызықты сапардағы серіктесіңіз!«.
          Марапаттау рәсімінен кейін мектеп оқушылары «Көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтайық, ғаламшарды сақтайық!» деп аталатын флешмоб жасады. Флешмобтың мақсаты – көліктен шығатын тым көп мөлшердегі парниктік газдардың шығарындыларына назар аударту болды, ол газдар қоршаған ортаны, климатты ластайды және осылайша адамдардың денсаулығының нашарлауына әкеледі.  Тағы бір мақсаты – адамдарды жасыл көлік түрлерін таңдауға шабыттандыру.
           Мектептің бір өкілі тұрақты энергияны ілгерілету бойынша ең үздік еуропалық тәжірибелерді зерттеу үшін 2023 жылдың күзіне жоспарланған ЕО-ның Еуропаға танысу сапарына шақырылды. Сонымен қатар, ЕО мектепке мурал (монументалды қабырға суретін) сыйлады, ол ЕО-ның Қазақстандағы «Сенімді келешек үшін тұрақты энергетика» үздік мурал дизайны байқауы нәтижесінде таңдалады.
          ЕО тұрақты энергетика күндері Қазақстанда және Орталық Азияның барлық елдерінде мүдделі тараптардың барлық ұлттық топтары мен қалың жұртшылықтың тұрақты энергетиканың маңыздылығы, артықшылықтары мен қолжетімділігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.
          Анықтама: ЕО қаржыландыратын «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар (SECCA)» жобасы (2022 жылдың наурызынан 2026 жылдың наурызына дейін) ЕО-ның үздік тәжірибелеріне сәйкес Орталық Азия аймағында тұрақты энергетикалық теңгерімді ілгерілетуге бағытталған. Өз миссиясын орындау үшін SECCA аймақтық контексте тұрақты энергетикалық жүйеге көшу үшін күшейтілген және инклюзивті саяси, нормативтік және институционалдық негізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуына жәрдемдесуге ұмтылады, соның ішінде энергияға тең қолжетімділік және энергия тиімділігі (ЭТ) және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы гендерлік инклюзивті саясат пен заңнаманы қолдау. Жобаның іс-шаралары ЭТ және ЖЭК енгізу үшін әлеуетті арттыруды, ЭТ және ЖЭК туралы хабардарлықты арттыруды, сондай-ақ ЭТ және ЖЭК жобалары үшін инвестициялық ахуалды жақсартуды қамтиды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...