Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Баршаңызға белгілі 1 ақпаннан бастап  Қазақстанда  СOVID-19 инфекциясына қарсы ресейлік «Sputnik V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау  науқаны басталды.
«Sputnik V» вакцинасы өлтірілген, инактивацияланған — 2 компоненттен тұрады, ол иықтың бұлшық етіне салынады. Вакцинаның  компонент №1 мен компонент № 2-ні салу арақашықтығы 21 күнді құрайды.
Мақтаарал ауданына  вакцинаның бүгінгі таңға  65 доза мөлшері  жеткізіліп,  жоспарланған кестеге сәйкес Мырзакент пен Атакент орталық ауруханалардың   медициналық қызметкерлеріне  салынуда.
Профилактикалық  егуге тек қарсы көрсетілімдер жоқ адамдар жіберіледі. Айта кеткен жөн, вакцинаны тек 18 жасқа  толған Қазақстан Республикасының азаматы  ғана ала-алады. Вакцинациялау кезең-кезеңмен бөлінген. Бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық  жәрдемнің, жансақтау, қабылдау бөлімдерінің медициналық қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау  басқарма мамандары  екпені алады.
Алдымен азаматтар дәрігердің міндетті тексеруінен өтеді. Дәрігер  ауыз қуысын қарап, дене қызуын, өкпенің сатурациясын және қан қысымын өлшейді, жүрек пен  тыныс алу жолдарының  аускультациясын жасайды. Пациентпен вакцинаны салдырғаннан кейінгі болуы мүмкін  асқынулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Вакцинация короновирустың одан әрі таралуына жол бермейді.
Санитарлық талап ережелерді сақтап, алдын алу шараларын орындау әр-бір азаматтың міндеті. Денсаулығымыз мықты болсын! 
Д.АБДЕШЕВА,
Мақтаарал аудандық
СЭББ басшы орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...