Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

         Бүгінде еліміздің қалалары мен өңірлерінде ашылған әскери-патриоттық клубтардың егемен еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеу ісіне қосар үлесі зор. Бұл – Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжымырдамасы болып табылады. «Айбын» халықаралық жиыны, Шекара қызметінің қамқорлығындағы «Жас шекарашы» сияқты мамандандырылған сыныптар мен клубтар осының айқын дәлелі.

         Міне, жақында Алматы қаласындағы осындай клубтардың мүшелері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында өткен «Ашық есік күніне» қатысты. Шараны аталған шекара басқармасы мен шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.
       …Айқара ашылған қақпадан енген оқушыларды мұнда Шекара қызметінің қолданысындағы түрлі техникалар мен қару-жарақтар, байланыс құралдары мен азық-түліктер қойылған көрмелер күтіп тұрған болатын. Айта кетерлігі, шекара басқармасының орталық алаңында сап түзеген кадеттер өздерінің ине-жіптен жаңа шыққан әскери формаларымен даралана түскен. Әсіресе, жасыл күнқағарлы қыздар мен ұлдар көпшіліктің назарын өзіне бірден аударғаны анық.
       Сонымен қатар, бүгінгі жиынға «Боран» арнайы мақсаттағы басқармасы, Қызметтік кинология және Техниканы, қару-жарақтарды жөндеу, «Алматы» шекаралық бақылау басқармалары да атсалысқан. Борандықтар өздерінің оқ өтпейтін бронды ұрыс машиналарын көпшіліктің назарына ұсынса, Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасы да өздері шығаратын жиһаздарды, инженерлік сымдар мен құрылғылармен ерекшеленген. Ал кинологтар қызметтік иттердің жұмысын таныстырып, оларды жаттықтыру ерекшеліктерін көрсетті.
      Сондай-ақ шараға Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Нарбаев, Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Е.Түлкібаев, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы запастағы генерал-майор М.Сабидолданов бастаған аға буын шекарашылар қатысып, көрмелермен танысты.
       Лайықты бағасын беру керек, көрмеге қойылған заманауи үлгідегі техникалар мен қару-жарақтар әсіресе балалардың қызығушылығын туғызған. Ел шебін күзетуге арналған әскери көліктер мен ұрыс машиналарына мініп көріп, қаруларды қолдарына ұстап көргенше асыққан… Қолдарына шекарашылардың дүрбісін ұстап, сарбаздар асынатын автоматтан нысана көздеген сәттері өздері нағыз әскери сезінген балалардың қуаныштарында шек болған жоқ.
        Іс-шара соңында балалар мен шекарашылар естелік суретке түсіп, өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті. Бұл кездесу саптық дағдылары қалыптасып үлгерген, Алматы облысы бойынша департаменті жиі өткізетін түрлі шараларға қатысуды біртіндеп дәстүрге айналдырып келе жатқан «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері үшін тағылымды күн болды.
Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...