Home » Жаңалықтар » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БИЗНЕС АПТАСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БИЗНЕС АПТАСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 2020 ж., 18 желтоқсан –  АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) болашақты дамыту бастамасы және MOST бизнес-инкубаторы Қазақстанда жаһандық кәсіпкерлік аптасының (GEW) 2020 сәтті аяқталғанын атап өтті. Биыл GEW 16-22 қараша аралығында өтті.
Биыл Қазақстанда GEW аясында кәсіпкерлікті дамыту басты назарда. Жергілікті және халықаралық сарапшылар іс-шаралардға модерация жасады. IT және инновациялық салаларда, венчурлық қорларда жұмыс істейтін және сәтті стартаптарды басқаратын спикерлер бизнесті басқарудың озық тәжірибелерімен, сондай-ақ COVID-19 жаһандық пандемиясы үшін туындаған қиын экономикалық жағдайда жұмыс істеу бойынша озық ұсыныстарымен бөлісті.
«Кәсіпкерлердің бүгінгі нарықтық жағдайда қауымдастықтарды нығайту және өзіне-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізудің мыңызды рөл атқаратындығын мойындау маңызды», – деді Кристофер Эдвардс, Орталық Азия бойынша USAID аймақтық миссиясының директоры. «USAID кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларды аймақтағы мәселелердің тиімді шешімдерін табуға ынталандырады. Кәсіпкерлерді және олардың инновацияларға деген ұмтылысын қолдай отырып, біз олардың оң ықпалын және аймақтағы өзгерістерді қозғаудың креативті жолдарын табу қабілетін қалыптастыруға көмектесеміз».
Биылғы жылы Қазақстанда кәсіпкерлік аптасының 10 жылдық мерейтойлық апталығы өтті. MOST бизнес-инкубаторы GEW-дың Қазақстандағы ресми елшісі. Ол жыл сайынғы іс-шараның жергілікті және шетелдік қатысушылары жылдан-жылға өсіп келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы стартаптарды дамыту, сату көлемінің өсуі, қаражат жинау және бизнес масштабтаудың заманауи тенденцияларын талқылауға 90-нан астам адам қатысты. Кәсіпкерлік аптасы кәсіпкерлерді жаңа жұмыс орындарын құруға және ел экономикасын өсіруге көмектесетін инновациялық бизнес-идеялар мен өнімдерді жасауға шабыттандырады.
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Мейер GEW құрметіне қазақстандық технологиялық кәсіпкерлердің виртуалды дөңгелек үстелін өткізді. Онда елдегі технологияларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы, сондай-ақ, арнайы америкалық бизнес тағылымдамасы (SABIT) секілді АҚШ халықаралық танысу сапарлары мен тәлімгерлік бағдарламаларына қатысқан қазақстандық кәсіпкерлерді ерекше атап өтті. Кеңес Одағын саудаға тарту мақсатында 1990-шы жылдардың басында басталған SABIT бағдарламасы серіктестік қарым-қатынастар орнатуға, жаңа қатынастар құруға және американдық бизнес пен оның Орталық Азиялық әріптестері арасында бұрыннан бар байланыстарды нығайтуға арналған бірегей форум болып табылады. GEW құрметіне Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы бағдарламаның Қазақстандағы үш түлегі – Виктория Горобцова, Рустам Халиков және Наталья Ашхабаеваның жетістіктеріне арналған бейнероликтер сериясын жариялады.
Сонымен қатар, 16-22 қарашада Алматыдағы Америка кеңістігінде және бүкіл Қазақстан бойынша Америка бұрыштарында көптеген виртуалды бағдарламалар, оның ішінде халықаралық сауда жөніндегі маман Лори Келлехердің онлайн-презентациясы өтті. Ол серпінді америкалық Питсбург қаласын экожүйені пайдаланатын қоғамдастықтың үлгісі ретінде ұсынды. Питсбург университеттік және инкубаторлық бағдарламалар және шағын бизнесті дамыту бойынша консультациялар мен сауданы қаржыландыру бағдарламалары арқылы кәсіпкерлікті қолдайды.
Жаһандық кәсіпкерлік апталығы жыл сайын әлемнің 40 000-нан астам іс-шараларына қатысатын 180 елден 10 миллионға жуық адамды біріктіреді. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – іскерлік мәдениетті қалыптастыру және кәсіпкерлердің жаңа буынын дамыту.
###
USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. Толықақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында және фейсбук парақшасында. USAID-тың кәсіпкерлік пен іскерлік ортаны дамыту жобасы туралы ақпарат: https://www.facebook.com/FGICentralAsia.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...