Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

          Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.
       Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін тиімділік пен атаулылықты арттыру, сондай-ақ мониторинг құралдарын күшейту мақсатында Бағдарлама республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлінген.
         Республикалық деңгейде өзектендірілген бұл бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.
  1. Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру.
Осы бағыттың шеңберінде 2029 жылға қарай жалпы 3,3 млн.адамды, оның ішінде ұлттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ,бос орындарға жұмысқа орналастыру есебінен, өңір әкімдері үшін10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны, субсидияланатын жұмыс орындары және кәсіпкерлік бастамалар есебінен жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
     2.«Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру.
     Жоба кооперациялық тізбекті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттырудың табысты өңірлік кейстерін кеңейту жолымен іске асылырмақ.
      Жеке қосалқы шаруашылықтарды (ЖҚШ) микрокредиттеу, қажетті инфрақұрылымы бар жемшөп алқаптарын дайындау, сервистік-өткізу кооперативтерін ұйымдастыру, лизингтік техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету және т.б. шаралар іске асырылатын болады.
     Ауыл кәсіпкерлерінің агро құзыреттерінің деңгейін арттыру мақсатында оларды оқыту көзделген. Бұл мақсаттарға 137 млн. теңге мөлшерінде сома қаралды.
        3. Кірістер деңгейін арттыруды және мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар.
       Қолда бар құралдарды жүзеге асырған сәттен бастап жалпы сомасы 6,5 трлн. теңгеден астам кредитке 87 мыңға жуық жоба субсидияланды. Жалпы кредит сомасы 1,2 трлн. теңгеге 51 мыңнан астам жобаға кепілдік берілді.
     Кәсіпкерлікті қолдау шараларын алушылар үшін жұмыс орындарын құру немесе сақтау түріндегі қарсы міндеттемелер көзделген.
     Мемлекеттің қолдауымен өңдеу өнеркәсібінде жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Мәселен, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қаржылық қолдау нәтижесінде 23 мың жұмыс орны құрылады. Өңдеу өнеркәсібінде жыл сайын кемінде 100 жоба іске қосылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Отын-энергетика кешенінде 2029 жылдың соңына дейін 36 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 120 жобаны іске асыру жоспарлануда.Сонымен қатар, салада инвестициялар сомасы 12 млрд. АҚШ долларды құрайтын қосымша 4 ірі жоба іске асырылуда.
        4.  Бюджеттен жалақыны арттыру бойынша міндеттемелер.
         Осы бөлім аясында азаматтық қызметшілердің және коммуналдық қызметтердің өндірістік персоналының жалақысын тікелей ұлғайту жоспарлануда.
         Коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің жалақысын өңірлер бойынша орташа салалық деңгейге дейін орта есеппен 50%-ға жуық арттыру үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Бұл шара шамамен 200 мың қызметкердің табысын арттыруға, сондай-ақ кадрлар айналымын азайтуға мүмкіндік береді.
        5. Халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.
          Бұл бөлім халықты әлеуметтік қолдаудың тікелей шараларын қамтиды. Мысалы, интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін 500 мыңға жуық адамды әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, салық салу мәселелерімен, оның ішінде табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларды әлеуметтік қолдаудың проактивті форматымен қамтуға мүмкіндік беретін жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын реттеу тетігін енгізу шаралары бар.
        ​Бағдарламаның барлық ұсынылған шаралары әрбір өңірде және әрбір азамат үшін әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жеке секторды тартуды жандандыруға, сондай-ақ мониторингті жақсартуға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...

Ел болашағына бейжай қарамайық!

        ...