Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛҒАШҚЫ ӨНІМ БЕРГЕН ҚЫРЫҚҚАБАТ ДАҚЫЛЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АЛҒАШҚЫ ӨНІМ БЕРГЕН ҚЫРЫҚҚАБАТ ДАҚЫЛЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ

АЛҒАШҚЫ ӨНІМ БЕРГЕН ҚЫРЫҚҚАБАТ ДАҚЫЛЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ

         Мақтаарал ауданында алғашқы өнім берген қырыққабат дақылы Ресейге экспортталды. Достық ауылдық округі, Гүлістан елдімекенінде орналасқан «Сауран» шаруа қожалығы 3 гектар жерден жиналған 75 тонна өнімді жүк көліктеріне тиеп, жолға аттандырды.  
         2022 жылы аудан бойынша 368 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Қаңтар және ақпан айларында егін еккен диқандар бүгінде жерден өнім ала бастады.
        «Сауран» шаруа қожалығының иесі Сауран Тұраевтың 30 гектар жері бар. Соның 3 гектарына қырыққабаттың «пекинка» атты сортын еккен екен. 50 күннің ішінде пісіп жетілген өнімнің келісін қожалық қазіргі таңда 230 теңгеден Ресейге жөнелтуде.
        Жаңа технологияларды пайдалана отырып тамшылатып суару әдісімен қырыққабат еккен С.Тұраев өнімнің бағасы көңілді көншітетінін, еткен еңбекті және шыққан шығынды ақтай отырып мол пайда тауып жатқанын айтты. Қырыққабатты жинап, қораптарға салу үшін 20-дан астам жалдамалы жұмысшыларды жалдап, күнделікті еңбекақыларын беріп жатқанын да қожалық басшысы атап өтті.
          Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл қырыққабаттан өнімін жинап болған шаруа қожалықтары артынша мақта, бақша және мал азықтық дақылдар егіп, бір жерден 2-3 өнім алатындарын жеткізді. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бір жерден 2-3 өнім алу технологиясын ендіру бағытында шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жасау мақсатында тұрақты түрде семинарлар мен жиындар өткізіп жатқандарын бөлім басшысы атап өтті.
         Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 2021 жылы 415,5 гектар жерге қырыққабат дақылы егіліп, 20 мың тоннаға жуық өнім жиналған болатын. Өнімнің орташа түсімі гектарына 472 центнерді құраған еді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...