Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

         Аудан әкімінің аппараттық мәжілісінде сайлау қорытындысы, мәдениет пен спорт саласының жетістіктері және алдағы міндеттер талқыланды.
        Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдің қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-мәдени дамуындағы өзекті мәселелер сараланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аумақтық мекеме өкілдері қатысты.
        Мәжілісте алдымен 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауының қорытындысы қаралды. Бұл жөнінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов баяндама жасады.
        Мақтаарал ауданында сайлаушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Дауыс беру құқығына ие 69 167 азаматтың 64 562-сі өз таңдауын жасап, сайлауға қатысты. Нәтижесінде сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 93,34 пайызды құрады. Олардың арасында алғаш рет дауыс берген 2 272 жас бар.
         Сайлау күні аудан аумағындағы 62 сайлау учаскесі толық режимде жұмыс істеді. Сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында саяси партиялардан 135, үкіметтік емес ұйымдардан 180, бұқаралық ақпарат құралдарынан 1 өкіл және ЕҚЫҰ-дан 2 халықаралық байқаушы мониторинг жүргізді. Баяндамада сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелмегені атап өтілді.
         Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына жағдай жасалды. Бұл бағытта 4 инватакси, 4 әлеуметтік такси және 9 сурдоаудармашы қызмет көрсетті. Нәтижесінде мүгедектігі бар 527 азамат дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.
        Жиында ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеев 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
         Соңғы жылдары Мақтааралда спорт саласына деген серпін айқын байқалады. Аудан жастарының республикалық және халықаралық додаларда топ жарып, ел мерейін асырып жүргені – соның дәлелі.
        Жақында Рузимон Тугушев Баку қаласында өткен чемпионатта қазақ күресінен әлем чемпионы атанды. Ал Ташкентте өткен қол күресінен Әлем кубогінде аудан спортшылары 5 алтын және 1 күміс медаль иеленді. Сондай-ақ Айсұлу Мұхит Индонезияда ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
        Футболдан ауданның әуесқой командасы Түркістан облысы чемпионатының финалына жолдама алды. Сонымен бірге мақтааралдық бірқатар жас футболшылар еліміздің «Ұлытау», «Ордабасы» және «Каспий» сынды кәсіби клубтарында өнер көрсетіп жүр.
        Спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар ауқымды жоба қолға алынған. Қазіргі таңда аудан халқының спорттық нысандармен қамтылу деңгейі 30,4 пайызға жетті. Бұдан бөлек, 5 жаңа спорт кешенін салу және «Алпамыс батыр» орталық стадионын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық басқармаға ұсынылған.
         Ауданда мәдениет саласын дамытуға да айрықша мән берілуде. Қазіргі таңда 12 мәдениет мекемесінде 54 үйірме жұмыс істеп, 922 жасты өнерге баулып келеді. Мақтааралдық өнерпаздар облыстық «Өнерлі өлке» фестивалінде жүлделі II орынға ие болды. Сонымен қатар Н.Есентаев елді мекенінде жаңа мәдениет үйін салу және Достық ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалық құжаттар әзірленді.
        Тіл саясаты бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Тілдерді оқыту және дамыту орталығында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша ұйымдастырылған тегін курстарды 266 тыңдаушы аяқтады. Ал «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы аясында кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпараттар мемлекеттік тіл талаптарына сәйкестендірілді. Бұл – қоғамдық ортадағы тіл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
        Аппараттық мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Асанов барлық сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне белгіленген жоспарлар мен тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын тапсырды.
       Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілегіне дер кезінде жауап беріп, халықпен кері байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігін ескертті. Өйткені, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы – бір күннің емес, жүйелі еңбектің жемісі. Ал Мақтааралдағы әр салада қолға алынған жұмыстар мен жетістіктер ауданның алға қойған мақсаттарының нақты жүзеге асып келе жатқанын көрсетеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...

Ел болашағына бейжай қарамайық!

        ...

КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН – ӨҢІР ДАМУЫНА СЕРПІН

      Мақтаарал ...

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – АУЫЛҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

        ...

САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

        ...

Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

        ...