Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНІМ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

           Қазіргі таңда негізгі табысы – агросектор саласы болып табылатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден өткізу, ауыл шаруашылығы өнімі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүйелендіру бойынша жалпы Жетісай ауданы бойынша қалпына келтірілетін 210 дренаждың құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қараша айында Мақталы, Қызылқұм, Абай, Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округітерінде басталған болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды «Киикбай стройсервис» ЖШС мен «АРТ Құрылыс» ЖШС мекемелері жүргізеді.
          Бүгінгі күні  ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» есебінен жүзеге асырылып жатқан тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жобасы келер жылдың желтоқсан айында толықтай іске қосылып, нәтижесінде 37 мың гектардан астам суармалы жерлердің мелоративтік жағдайы жақсаратын болады.
            Айта кетейік, ауданда тік ұңғымалы дренаждардың істен шығуының салдарынан жер асты суы өз деңгейінен жоғары көтеріліп, егістік алқаптарда өнімнің сапасы мен көлемі төмендеген. Жауын-шашында судың жерге сіңуі қиындап, тұрғындар үйіргелік жерлеріне бау-бақша егуден қалған. Сол себептен де тік ұңғымалы дренаждардың қалыпты жұмыс істеуі аса маңызды мәселе саналады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...