Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

          Абай облысының Бородулиха ауданында ел есінде қалатын тарихи сәт орын алды. Халық көптен күткен — «Абай атындағы» аудандық мешіт көпшілік жұртқа өз есігін айқара ашты. Бұл бір күн – тек жаңа ғимараттың емес, ел рухының, иман мен бірліктің салтанат құрған күні болды деуге толық негіз бар. 
          Мешіттің іргетасы  2022  жылы қаланған еді. Сол күннен бастап аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, зейнеткерлер мен жастар жұмыла кірісіп, ортақ іске үлес қоса білді.
           Нысанның бастамашысы — Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов, ал құрылыс барысына ұдайы ұйымдастырушылық және материалдық демеу көрсеткен — Талғат Оразаев сынды ел азаматтары.
          Осынау игілікті іске Бородулиха жұрты ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген меценаттар да белсенді қатысып, «жақсының аты, жақсының ісі өлмейді» деген қағиданы дәлелдеді.
         Екі қабатты, төрт мұнаралы, жалпы аумағы 270 шаршы метрден асатын мешіт – сәулеті мен сәні келіскен құлшылық нысаны. Ғимарат  ішінде ерлер мен әйелдерге арналған жеке намаз залдары, дәріс бөлмесі, дәретхана мен қазандық бөлмелері де қарастырылған.
        Жалпы мешіт 350 жамағатқа арналған. Ішкі әрлеуінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ислам мәдениетінің өрнектері шебер үйлесім тапқан.
          Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп қатысты. Ол мешіттің салынуына үлес қосқан бірқатар ел азаматтарына алғыс білдіріп, Е.Зайтенов, Г.Сайдуллаев, Т.Оразаев, П.Лазарев, В.Огонесян және өзге де қайырымды жандарға «Құрмет грамоталарын» табыс етті. Сондай-ақ, аудан имамы Әкімбатчаев Әріпжан Қожанұлы ҚМДБ-ның «35 жылдығына арналған» мерейтойлық Медалімен марапатталды.
        «Бородулиха – 2025» қоғамдық қорының қолдауымен алынған қос бірдей су жаңа автокөліктің кілтін Бас мүфти аталған мешіт имамымен қоса Свято-Николь шіркеуінің настоятеліне де өзі табыстады.
        Бұл дегеніміз, ел ішіндегі діндер арасындағы өзара құрмет пен татулықтың жарқын сипаты.
           Шараға өзге ұлт өкілдері де қатысып, ислам ордасының ашылуымен бір-бірін құттықтап, өздерінің жүрекжарды қуаныштарымен бөлісті.  Соныменде, «әу бастан» осы киелі нысанның бой көтеруіне бастама-ұйытқы болған ауданның бұрынғы әкімі Ахметқали Нұрғожин арнайы келіп қатысты.
        Мешіттің ашылу құрметіне жүздеген жан – ақсақалдар мен аналар, жастар мен балалар да жиналды. Олардың жүздерінен мейірім, қуаныш, ризашылық лебі сезілді.
        Бұл сәт – елдің ынтымағы мен имандылыққа деген ұмтылысының айқын белгісі.
        Хакім Абай Құнанбайұлының есімімен аталған жаңа Мешіт енді аудан халқының жүрегінен орын алған, ұлт рухын биіктететін, ізгілік пен мейірімге үндейтін рухани орда болмақ.
Мейрамгүл АТАЕВА,
 «Абай облысы Бородулиха ауданының
Мемлекеттік және басқа тілдерді
оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар ...

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

        ...

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...