Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БІР «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БІР «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БІР «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ

           Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» акционерлік қоғамы мекемесінде жаңа Бастауыш партия ұйымы (БПҰ) ашылды.
         Бұл маңызды шара еліміздің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалпы белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік және кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталды. Партияның бастауыш ұйымдары ел экономикасының өзегін құрайтын еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, ауыл шаруашылығы мен өңірлік өндіріс саласын дамытуға серпін беруді көздейді.
          Шараға «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Е.Омарғалиев қатысып, бастауыш партия ұйымының ашылуына байланысты құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол партияның негізгі бағыттары мен бағдарламалық мақсаттарына тоқталып, нағыз қарапайым жұмыс адамын   қолдау – партияның басты қағидаты екенін атап өтті.
       – «Ауыл» партиясы әр өңірде еңбек адамын, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекқор азаматтарды қолдап келеді. Бүгінгі ашылып отырған бастауыш ұйым – партияның халықпен тікелей байланысын нығайтып,  жергілікті мәселелерді тиімді шешуге жол ашады деп ойлаймын, – деді аталмыш мекеме директорының орынбасары Бахтияр Даниярұлы.
        Айта кету керек, Абай облысындағы «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» АҚ – өңір экономикасының тірегі саналатын ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинат аймақ тұрғындарын және еліміздің өзге өңірлерін жоғары сапалы ұн және жем өнімдерімен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып отыр.
        Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Е.Омарғалиев «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» АҚ-ның директорының орынбасары Рахимов Бахтияр Данияровичке өңірлік филиал төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы сыйға ұсынған «Біздің ауыл өнімі» журналын  табыстады. Артынша «Бастауыш партия ұйымының» өкілдеріне партия төсбелгісін тағып, жиынтық фотосуретке түсіп тарқасты.
          Жаңа бастауыш партия ұйымының ашылуы – еңбек ұжымдары арасында саяси және әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, қоғамдағы еңбек мәдениетін дәріптеу жолындағы маңызды қадам.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНІН ЗАҢ ШЫҒАРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖЕТКІЗЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУТ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ!

       23 ...

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

        ...

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...