Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ КІЛЕМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ҚАЗАҚ КІЛЕМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚ КІЛЕМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

          Қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мұрасы – қолөнер. Әсіресе кілем тоқу өнерін қазақ аналары жоғары деңгейде меңгерген. Оған бүгінгі күнге жеткен кілем түрлері дәлел. Олар  қалы кілем, бұқар кілем, жол кілем, жолақ кілем, масаты кілем, тақыр кілем, түкті кілем, кереге кілем деп бөлінеді.  Ал өндірілген жеріне қарай — Торғай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл кілемдері, ру үлгілеріне қарай — қыпшақ кілемі, адай кілемі, керей кілемі, қоңырат кілемі, үйсін кілемі, қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілем деп те аталады.
       
        Осындай көптеген атауларға қарап-ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден айналысқандығын көрсетсе керек. Қолмен тоқылған кілемдердің ерекшелігі өте берік, сондықтан ғасырлар бойы  пайдалануға болады.
          Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан Анаға құрмет музейінің  қорынан кілемнің бірнеше түрін көруге болады. 15-тен астам түкті және тықыр кілем музейге сый акциясы барысында жинақталған. Музей қорына биыл қызылордалық Раба Өтегенова сыйға берген ерекше көздің жауын алатын тықыр кілемге тоқталып өтейін.  Қазақ халқында ұзатылған қыз жасауына міндетті түрде кілем қосылып берілген.  Сол дәстүрмен Раба Өтегеноваға 1973 жылы анасы жасауына арнайы тоқып берген кілемнің өлшемі 370ˣ265 сантиметрлік екі шетінен желі жібінен шашақ шығарылған қызыл кілем. Көліне он шақты шатыр гүл және «Рабаға естелік анасынан» деген сөз кестеленіп жазылған. Одан басқа ағашта отырған қыран құс, торғай, қоян және мақта гүл, қошқар мүйіз өрнектері бейнеленген. Кілемнің жиегінде екі қатар ирексу, қырыққабат гүл өрнегі тоқылған. Қара және күлгін түстен қарғатұяқ өрнегімен көмкерілген. Сонымен қатар музей қорында ғұлама Әл-Фараби, күйші Дина Нұрпейісова бейнеленген кілемдер де бар.
         Музей көрермендерін әдемілігімен таңғалдырып келген көне кілемдер келушілердің көзайымына айналып, қолөнер туындысына қызығушылығын арттыруда.
В.ҚОШТАУОВА,
«Анаға құрмет» музейінің қор сақтаушысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...