Home » Жаңалықтар » БҰХАРА ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

БҰХАРА ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

            Қазақстандық журналистердің  Ташкентпен Самарқаннан кейінгі соңғы маршруты Бұхара қаласы еді. Түркітілдес журналистердің қорының кезекті жобасымен, Өзбекстан еліне, осы елдің Туризм және спорт министірілігінің қолдауымен келгенімізге бес күнге жақындап қалған болатын.
              Бұхара қаласына түнде түстік, түнде түссек те көшеде самалдай жарқыраған шамдар қараңғылықты аса байқатпайды. Ташкент пен Самарқанда көрген халықтан түрлері сәл қаралау, тәжік ұлттарына көбірек келетін адамдар жиі ұшыраса бастады. Ауа райы өте ыстық, тіпті түннің өзінде ауа темпаратурасы 30 С градустан төмен түспейді, содан болар көбі күнге әдемі қарайып алған. Самарқанда көрген орта ғасырлық архитектура бұл жерде де жиі ұшырасады. Қала ескі және жаңа деп екіге бөлінеді екен, жаңа қалада заманауи нысандар бой көтерсе ескіде тек тарихи орындар сақталып қалған. Бұхара Б. з. б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы кезде соғды тілінде «Нумижкат» деп аталған. Бұхара атауы алғаш рет жазба деректерде 5 ғасырдағыдағы қытай жылнамасында кездеседі.
           Архитектуралық ескерткіштер 140-қа жуық. Сәулет өнерінің тамаша үлгісімен салынған Исмаил Самани кесенесі (9 ғасырдың аяғы мен 10 ғасырдың басы), Калән мұнарасы (1127), Мір-Араб медресесі (1536), Сайфеддин Бохарзи кесенесі (13 ғасыр), Ұлықбек  (1417), Көгілташ (1568), Надир Диуан бегі (1612) және Абд-ул-Әзиз хан (1652) медреселері нақышты өрнегімен көз тартады. Қала сыртындағы құрылыстардың ішінен Бехауддиннің ханакасы (1544 — 45), Чар-Бакр ғимараты (1560 — 63), Файзабад ханакасы (1598 — 99), Чар — Минар медресесі (1807) ерекше назар аудартады. 1996 ж. ЮНЕСКО Бұхараны әлемдік мәдениет ошағы болған қалалардың қатарына қосып, оны өз қамқорлығына алатынын мәлімдеген. Бұхара медреселердің көптігімен білімнің ошағы атанған қала,  19 ғасырдың соңы мен 20 ғасыр басында бірқатар қазақ зиялылары білім алған. Қалада тарихи өлкетану, халық өнері музейлері, ибн Сина мұражайы бар. Өзбекстанға келетін шетелдік туристердің дені бұл жерге соқпай кетпейді екен,  барған алғашқы жеріміз Арк бекінісі болды.
           Көлікпен келе жатқанда-ақ, аумағының зорлығын сыртынан байқадық. Расымен аумағы төрт гектарды алып жатыр, бекінісітің биіктігі жиырма метрге жуық, Хан əулетінің қыстық резиденциясы болған бекіністе 3000 адам тұрған.  Арк бекінісі Бұхараның ежелгі ғимараттарының бірі, әрі ЮНЕСКО қорғауында.  1979-1980 жылдардағы зерттеу нәтжелері бойынша қорғанның үштен бір бөлігі жердің астына жасырылған, екі қуатты қабырғалармен жасырылған. 1220 жылы әлемді билемек болған, Шыңғысхан Арк бекінісін талқандап, біраз бөлігі жойылып кеткен. Бекініске кіру құны жиырма бес мың сум, яғни Қазақстандық теңгемен мың теңгедей болады. Ханның демалатын, халықты қабылдайтын орындарыннан бастап, қару жарақ қоймасы бар. Б.з. дейінгі біраз дүниелерді де мұражайдан көріп қалдық.  Бұхараға келген адам міндетті түрде Калиян мұнарасына келеді, себебі әдемілігі өз алдына орта ғасырдың мызығымас көрінісін көз алдыға әкелетін ғимаратты жәй көру мүмкін емес.
             Кешен XII-XVI ғасырларда салынған үш құрылымнан тұрады: Калян мұнарасы, Калян мешіті және Мір  Араб медресесі. Пои Калян  сәулет ансамблі, Бұхараның көренекі жерлерінің бірі  Регистан алаңында орналасқан. Каляин мұнарасы немесе үлкен Бұхара мұнарасы – алаңдағы ең көне ғимарат, 1127 жылы Арслан хан салып,   900 жылға жуық уақыт бойы жөндеуден өтпеген. Мұнара Бұхарадағы ең биік ғимараттардың бірі, оның биіктігі 46,5 метр, төменгі диаметрі 9 метр, құрылымның өзі конус тәрізді.. Калиян мешіті  немесе  «Ұлы мешіт» -, 1514 жылы құрлысы аяқталған, Орта Азиядағы Бибі мешітінен  кейінгі екінші үлкен мешіт.  Самарқандағы Ханум мешіті мен  Тимурид архитектурасының дәстүрлерімен жасалған және жылтыр мозайкалармен безендірілген. Мир Араб – немесе «Эмир Араб» – медресесі, Убайдуллаххан 1535-1536 жылдары Йемен шейхі Абдуллаға арнап  салдырған екен.  Ғимарат едәуір үлкен – онда 111 хужра және екі крест тәрізді зал бар.
             Бақауидин Нақшбанди кешені Бұхара қаласынан 13-15 шақырым жерде.  Құл ұстаудың өзін күнә көрген тақуа жан Нақшбанди Бахауддин  Бұхара маңындағы Касри-Арифон ауылында,  қолөнерші тәжік   отбасында – дүниеге келген. Оның әкесі мен атасы  дін жолындағы тақуа адамдар болған. Бахауддин Нақшбанд 1389 жылы наурызда қайтыс болып, өзінің туған жері Касри-Арифонда жерленген.Ол қайтыс болғаннан кейін Нақшбандты  тұрғылықты халық әулие, деп  таниды. 1544 жылы оның қабірінің үстіне кесене салынып, қазірде күн сайын жүздеген адамдар Нақшбандидің басына арнайы зиярат етуге келеді.
             Ляби Хауыз. Бұхара қаласының орталық алаңдарының бірі,15 ші ғасырларда архитектуралық ансамбль ретінде  ашылған, алаң Надир-Бегі хауз су қоймасының айналасындағы,  Кукелдаш, Диван-Бегі медреселерінің  және Диван-Бегі ханакидің ғимараттарын құрап тұр. Су тамбайтын Бұхара қаласы үшін Ляби Хауыз тоғаны ерекше. Орта ғасырлық ерекше архитектурамен жасалғандықтан ЮНЕСКО арнайы қорғауына алған.
             Қожанасыр аңызы. Бала кезімізден ертегілерін тыңдап келе жатқан, аңқау болса да есесін жібермейтін кейіпкерлердің бірі Қожанасыр ескерткіші де Бұқара қаласында Ляби Хауызда  бой түзеп тұр. Өздері Хожа Насреддин деп атайтын Қожакеңнің бір бейіті Бұқарада орналасқан. 1979 жылы Бұқарада аты аңызға айналған әзілкешке  ескерткіш орнатылды. Әр көктемде Бұхарада Қожа Насреддиннің құрметіне әзіл-сықақ фестивалі өтеді.
              Чашма-Айюб кесенесі «Аюбтың қайнар көзі  – Бұхарадағы ең жұмбақ ғимараттардың бірі,  дәстүрлі құрметті орын, Інжілдегі Джов-Аюбтың қалауымен пайда болған бұлағы бар құдық.           Ескерткіш –  төрт бөлмеден тұратын, төртбұрышты күрделі ғимарат. Төрт бөлменің бәріне күмбездер орнатылған, олардың ешқайсысы бірі бірін қайталамайды. Сыртқы жағынан құрылым ерекше.
           Боло Хауыз ансамблі. 1712 жылы салынған  Боло-Хауз сәулет ансамблі – бұл ортағасырлық сәулет өнерінен сақталған жалғыз ескерткіш. Ол Регистан алаңында орналасқан. Мешіттің алды  әдемі ағаштармен  безендірілген. Бас залы, михраб ұясы ерекше архитектуралық әдіспен әшекейленген. Мешіттің жанында, су қоймасы бар,  жағасында әйгілі Калян тәрізді шағын мұнара бар.
           Чор Минор медресесі. (парсы тілінен аударғанда  – төрт мұнара).  Өзбек әмірі Эмир Хайдар заманында  бай түркімен Халифа Нияз-кұлдың қаражатына  салынған медресе. Медресенің салыну уақыты шамамен 1807 жылдары.
            Мохихосса.  Қаланы билеген әмірлердің жазғы сарайы, 19 ғасырларда әмір Насуроллахан салдыртқан.  Мұнда қабылдау алаңы, мейрамхана, шағын әуіз, бау бақша «П» әріпіне ұқсатып құрастырылған. Шығыстық үлгідегі Мохихосса «жұлдызбен айдың кездесуі» деген мағына береді.
  • Бұхара – Орталық Азиядағы ХІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Наршахидің әйгілі еңбегінде исламға дейінгі және ерте ислам тарихы егжей-тегжейлі сипатталған әлемдегі жалғыз қала. Ғибадат ететін орындары көп болғандықтан да мұсылмандар үшін екінші Мекке саналады. 2014 жылдың санағы бойынша халық саны  — 272 500, бірақ қазір үш млнға жуықтаған. Бұхарада болған екі күнде шет елдік туристтерді өте көп көрдік. Өзбекстан да виза режимі бүрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердің басым бөлігіне 60 күн ішінде Қазақстан да бар, бару үшін, шетелдік төлқұжатпен немесе дипламатиялық жеке куәлік пен баруға болады, жасы 14 ке жетпеген балалар үшін ата-аналарының төлқұжаттағы рұқсат (суретпен) жеткілікті, 14 тен асқан балалар өз жеке паспорттарын жасатуға тиісті. Алыс жақын шетелдіктер мен Еуропа елдері үшін жеңілдетілген 30 күндік визалар қарастырылған. Қонақ үй бағасына келер болсақ, Самарқан қаласынан айырмашылық байқалмайды,  хостелдердің төменгі бағасы бес мың теңгеден  басталып, қонақ үйлер тұрған жері мен қызметіне қарай әр түрлі 10-20 мың теңге  аралығында.
         Бұхараның қонақ үйінің ерекшелігі орта ғасырлық стилдегі, жерге төселетін төсеніштеріне дейін орта ғасырға барып келетіндей жағдай жасалған. Тамақты да мың, екі мың теңге аралығында табуға болады. Өзбекстанда жеті күн жүргенде байқағанымыз, қолөнер қатты дамыған. Қыштан, тұт ағашының қағазынан жасалған сувенирлер сіздің Бұхарада болғандыңызды айқындай түседі. Ал киім кешектер мен күнделікті тұтынатын заттар Қытайдан келетіндіктен алуға кеңес бермейміз. Кепкен жеміс жидектердің отаны болғандықтан, бір ғана жемістің төрт бес түрлі әдіспен кептірілген түрі кездеседі. Туристтер көп келетін болғандықтан бағасын сәл асыра қоятындығы болмаса, жемістер сапалы.
Аида ҚОЖМАМБЕТОВА,
Алматы-Бұхара.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...