Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКИЯ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКИЯ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКИЯ

        Әлемді аралап, ел мен жер көру — бүгінгі көзі ашық кез келген азаматтың мақсаты. Әсіресе тарихы мен мәдениеті бір-бірімен астасып жатқан түркі мемлекеттері өкілдерінің басын қосатын жиындар, көрмелер мен конференциялар, түрлі жобалар ұйымдастырылатыны қуантады. Оның бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың артуына да, мәдениетіміздің дамуына да әсері мол. Сондай жобалардың бірі – біз Түркітілдес журналистер қорының атынан аттанған Стамбұл-Кайсери-Йозгат-Кыршеһир-Невшаһир бағытындағы сапар.
       Түркияға алғаш рет келіп тұрғанмен, бұрыннан осы жерде жүрген адамдай өзімді еркін сезіндім, еш жатырқамадым. Оған себеп — осы жобаны ұйымдастырушылардың қонақжайлығы мен құрақ ұшып бір тынбай қызмет етуі. Біз маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ыстамбұлға, одан әрі Кайсериге ұштық. Гидіміз Мұстафа Ялчынкая мен ел туризміне жауапты министрлік өкілдері таңертең Кайсериден күтіп алғаннан түнжарымға дейін қасымызда болды. Бізбен бірге Өзбекстан, Түркіменстан, Грузия, Сербия, Болгария мемлекеттерің БАҚ өкілдері де Кайсеридегі тарихи орындарды аралап, өздеріне ортақ мәдени мұраларды көріп, рухани азық алды.
        Әуелі осындағы 6000 жылдық тарихты, өркениетті сақтап тұрған археологиялық музейге бардық.
        Онда Ассирия сауда колонияларының дәуіріне жататын дөңгелек құмыралар, металл бұйымдары, қолдан қашап жасалған түрлі мүсіндер т.б. көне жәдігерлер сол күйі сақталыпты. Қазақстаннан табылған балбал тастарға ұқсас жасалған мүсіндер бірден көзімізге оттай басылды. Міне, осындай ескі мұралар тарихымыздың қаншалықты тереңде жатқанын және қазақ пен түріктің бір-біріне қаншалықты жақын екенін сөзсіз дәлелдеп тұр.
        Кезінде Гевхер Несибе ауруханасы болған ескі ғимаратқа да бас сұқтық. Онда да біздегі археологиялық жұмыстардан табылған түрлі ыдыстарға ұқсас тәрелкеден бастап, әр түрлі пішіндегі қазандар, шәйнектер мен кеселер көздің жауын алып тұр. Бір қызығы, қанша ғасыр өтсе де бояуы кетпеген ыдыстардың көптігі таңғалдырды.
        Үшінші аялдамамыз әулие Сурб Лусаворичтің атымен аталатын армян шіркеуі болды. Интерьері геометриялық және гүлді өрнектермен көмкерілген шіркеу де көне дәуірден сыр шертеді.
        Сонымен қатар, түріктің бай асханасынан дәм татып, көл-көсір жайылған дастарқанның берекесін сезініп бірінші күнімізді аяқтадық. Бұл пресс-турдың алғашқы күні ғана. Алда әлі қызыққа, ғибратқа толы төрт күр бар. Әр елден келген журналистер Кайсериден бөлек, Түркияның  Иозгат, Киршеһир, Невшеһир қалаларындағы тарихи, мәдени және көрікті жерлерді аралайды.
Нұрболат ЖАҢАБЕРГЕН, Айбын ҚҰСАНБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...