Home » PRESS RELEASE » «CHEVRON» ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ МОЛ ЖӘНЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖҰМЫСҚА ТҰРУЛАРЫНА МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАУДА

«CHEVRON» ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ МОЛ ЖӘНЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖҰМЫСҚА ТҰРУЛАРЫНА МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАУДА

         2022 жылғы 10 қыркүйекте  «CHEVRON» компаниясының ұйытқы болуымен Елордада алғаш рет «PRO.NRG FEST» ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Осы фестивальдің негізгі мақсаты – оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Оны ұйымдастырушылар ғылымның, өнердің және технологияның алға басуы зумер ұрпағының сұранысына сәйкес келіп қана қоймай, болашақта елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімді. Осы іс-шараның басты тақырыбы балаларды – ғылымға оқытудың ең жаңа әдістері, оқушыларды оқуға ынталандыру болады.
         Бүгінде әлем технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Қоғам сәт сайын жаңаруда. Осыған орай мамандықтар рөлі де өзгеріске ұшырауда. Жаһан жылдамдығымен тың жаңалықтар одан әрі күшейіп, шамамен 5 жыл сайын бүгінгі жаңамыз ертең ескіге айналып жатады. Бүгін сұранысқа ие мамандықтар қажетсіз және ақысыз болып қалуы әбден мүмкін. Осы жайларды ескерген «CHEVRON» компаниясы ел жастарының ІТ саласындағы білімдерін арттыруға арналған шараларды көптеп ұйымдастырып, келешекте олардың сұранысы мен табысы мол кәсіптердің иесі болуына себепкер болуда.
         Жуырда ол «Орталық Азияның Еуразия қорымен» біргелікте 2022-2023 жылдары Атырау қаласындағы Абай орталығында балалар мен жастардың әлеуетін дамыту үшін «Jas Space: Атырау қаласы жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасын іске қосты. Бұдан көзделген мақсат – жастарға STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) бағыттары бойынша білім беру және  STEAM саласындағы кәсіптерді танымал ету. Аталмыш бағдарлама аясында Абай орталығының базасында жастарды кәсіби, тұлғалық және  STEAM дағдыларына үйрету жүзеге асырылады. Оған осы мектептің 7-11 сынып аралығындағы оқушылар, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жастар және STEAM оқытушылары қатыса алады.
                Сонымен қатар «CHEVRON» компаниясы биыл Қазақстандағы ең ірі «nFactorial IT-инкубаторымен» серіктестікте 10 аптаға созылған жазғы бағдарламалау лагерін де өткізді. 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан (оның негізін қалаушы Арман Сулейменов) «nFactorial миссиясы» – елімізде 10 000 бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ құру және IT өнімдері мен қызметтерін экспорттау арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелу болып табылады. Биыл осы жоба аясында еліміздің жас таланттары 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасады. Осы лагерьге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші де ​​шақырылды. 10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын-соңды жасалмаған «web3 қосымшаларын», сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға арналған қосымшаларды, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады.
             Ал, Елордада «CHEVRON» компаниясымен серіктестікте іске асырылатын Ұлттық волонтерлік желісінің «EcoJas» экологиялық жобасының жеңімпаздары марапатталды. «EcoJas» – бұл мектеп оқушыларына арналған білім беру-танымдық жобасы, оның мақсаты балалар арасында эко-ағарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға дағдыландыру болып табылады. Жоба жыл басында басталып, Ақмола және Қарағанды облыстарының 73 мектебінен 3700-ден астам оқушыны қамтыды.
      «CHEVRON» компаниясы оқушылардың ғана емес, оларға сабақ беруші педагогтардың да кәсібиліктерін жоғарлатуға да мән беруде.  Атап айтар болсақ, 20 тамызда Атырау қаласында STEAM мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының ресми аяқталуы өтті. Бағдарламаға Атырау қаласы мен облысының 26 мектеп, 2 жоғары оқу орны, 5 колледж және 5 қосымша білім беру ұйымынан 160 мұғалім қатысты. Біліктілікті арттыру курстары Орталық Азияның Еуразия қоры. «CHEVRON» компаниясының қолдауымен  іске асырып жатқан «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында қазақ және орыс тілдерінде тегін өткізілді. 15 күн ішінде курс тыңдаушылары оқытудың интеграцияланған және пәнаралық тәсілін (STEAM – ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) енгізуге бағытталған STEAM тәсілін қолдану дағдыларын жетілдірді. Курс екі лекте өткізілді: 1 мен 5 тамыз аралығында онлайн форматта «Caravan on Knowledge» білім беру ұйымымен серіктестікте, 8-19 тамыз аралығында оффлайн форматта Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы «KazRobotics» ұйымымен  бірлесіп өткізілді.  «Біз біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін Қазақстанның әр өңірінен үздік мамандарды жинадық. Екі апта бойы қарқынды бағдарлама білім беру, жоғары технологиялық жабдықтарда практикалық дағдыларды меңгеру, шетелдік STEAM жобаларымен танысу және тәжірибе алмасуға бағытталды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар мектеп оқушыларымен жұмыс істеуде барлық алған дағдыларын қолдана алады. Бұл балаларға тың идеяларды, соның ішінде әлеуметтік пайдалы жобалар мен табысты стартаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп KazRobotics ұйымының  президенті Айжан Жекеева ойымен бөлісті.
      Алдағы уақттарда да «CHEVRON» компаниясы ел аумағында ел жастары үшін осыларға ұқсас басқа да пайдалы бағдарламаларды жүзеге асыратынына сенімдіміз.
        АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ:
     «CHEVRON» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Ол қол жетімді, сенімді және таза энергия көркейген және тұрақты әлем құру үшін қажет деп санайды.          «CHEVRON» компаниясы мұнай мен табиғи газымен бірге көлік отынын, ЖЖМ және мұнай химиясын өндіреді, сондай-ақ біздің бизнесіміз бен саламызды жақсартатын технологияларды әзірлейді. Компания өз қызметінде көміртекті сыйымдылығын төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға баса назар аударады. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты компанияның www.chevron.com сілтемесі арқылы табуға болады.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...