Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАҢЫЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАҢЫЗ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАҢЫЗ

           Классикалық «қаржы пирамидасы» — бұл табыс алудың алаяқтық схемасы. Сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелермен инвестициялау ұсынылады, олар кепілдендірілген табыс береді және жобаға достарын белсенді тартуды сұрайды. Абай болыңыз, табысты инвестициялық компания қаржылық пирамидаға айналуы мүмкін. Қаржы пирамидасының ерекшелігі — тез және оңай ақша табу туралы уәде. 
          Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында қатты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптовалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер.
         Бұл қылмыстық ұйымдар ақыр соңында ешкімге ақшасын қайтармайтынын көпшілік жақсы біледі. Бірақ барлығы «пирамиданың» ұшар басынан, алғашқылар қатарынан табылып, шамалы да болса «жеңіл» пайда тауып қалуға жанталасады. Қазақстанда қаржылық пирамидалар қызметіне қатаң тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
          Елімізде бұл ұйымдарды жарнамалауға да тосқауыл қойылған. Атап айтқанда «Жарнама туралы» қолданыстағы заңның 13-бабында «қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады» деп жазылған. Бұған бағынбағандар әкімшілік және қылмыстық қудалауға ұшырайды. Осыған қарамастан «табысқа кенелтемін» деп алыстан қол бұлғап шақыратын, шынында халықты шығын батпағына батыратын қара ниетті қаржылық құрылымдар әр жерден бір бас көтеріп отыр. Олар лезде ашылады да, қатысушылар есін жиып, хабар құқық қорғау органдарына жеткенше, күйреп үлгереді. Сөйтіп, алаяқтар ел азаматтарының қалтасын қағып, тақырға отырғызып, онсыз да күрделі кезеңде оларды қан қақсатуда. Бәрінен сорақысы, «пирамидалар» қарапайым жұрттың жалғыз баспанасын саттырып, уәде еткен көп ақшадан көк тиын да ұстатпай, табанын жалтыратуда.
           Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда. Қаржы пирамидаларының адал ұйымдардан айырмашылығы неде? Біріншіден, олар орасан зор пайдаға кенелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады. Ал ондай пайданы ешбір банк те, ешбір басқа ұйым да қамтамасыз ете алмайды. Бұл күмән туғызуы керек. Екіншіден, олар шет елде тіркелген. Құрылтайшылары белгісіз. Ақша шет елге шығарылады. Олардың өкілдері ақшаны қалай табатындарын және алынған қаражатты қайда салатындарын нақты, анық түсіндіріп бере алмайды. Оның орнына сіз маңызды серіктес пен жобалар туралы алдын ала дайындалған әңгімелерді естисіз, әдемі буклеттерді көресіз. Үшіншіден, олар сіз жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады. Осы белгілердің барлығы  Қазақстанда жарнамасы мен қызметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына нақ кез болғаныңызды көрсетеді.
         Сондықтан оңай пайдаға кенелемін деп алаяқтардың құрығына түсіп қалудан сақ болыңыздар. Ал егер осындай жағдайға тап болғанда құқық қорғау органдарына хабарлау сұралады.
Мырзакент кенті әкімі аппараты,
Мақтарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...