Home » Әлеумет » «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ БИЗНЕС ҮШІН ТИІМДІ

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ БИЗНЕС ҮШІН ТИІМДІ

           Вирустың таралу қаупін азайту мен карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлердің қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасы сәуірдің 26–нан бастап, еліміздегі барлық өңірлерде жүзеге асырыла бастады. Оның негізгі артықшылығы – қауіпсіздік. Жаңа жүйе QR-код арқылы азаматтардың мәртебесін, яғни вирусты тасымалдаушы болып табылатындығын немесе табылмайтындығын анықтайды.
           Жоба шектеу шараларынан жұмысына тиым салынған кәсіпкерлік нысандар жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек. Яғни, ҚР бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Ashyq» қосымшасы арқылы қоғамдық тамақтану орындары, банкет залдары (50 адамнан аспайтын алаңмен), караоке сағат 02:00-ге дейін жұмыс жасай алады. Ал боулинг, бильярд, компьютерлік клубтар жұмыс режиміне шектеу қойылмайды.
           Сонымен қатар, жоба арқылы мәдениет объектілері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік алмақ.
          Нысанға кіре берісте адам оның мәртебесін анықтау үшін QR кодын сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді. Түске сәйкес келушінің нысанға кіру-кірмеуі анықталады.
           Кәсіпкерлер QR код алу үшін өтінімді infokazakhstan.kz сайты арқылы береді. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, қосымша білім беру ұйымдары өтінімдерді салалық қауымдастық арқылы береді.
             Айта кетсек, QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Жобаның талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін жеке кабинетте бір апта бойы оқуға және тест режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін код пайда болады.
            Келушілерге App Store және Play Market-тен «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеу, телефон нөмірі бойынша авторлану, ЖСН енгізу және өзінің баруын тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлеу керек.  Егерде келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда жауапты тұлғаға-мекеме қызметкеріне қосымшада рөл беріледі, оның көмегімен ол келушінің ЖСН енгізу арқылы кіруін тіркей алады.
       Бұл жерде назарда ұстайтын нәрсе, бизнестің өзі клиенттің мәртебесін ғана көреді: жасыл, көк, сары немесе қызыл. Ол адам туралы басқа деректерді көрмейді.
         Қызыл мәртебе – қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.
        Сары – қозғалысты ішінара шектеу-пайдаланушы ПТР дерекқорында жұқтырған науқаспен байланыста болғандығы жөнінде көрсетілген: пациент үйде оқшаулану режимін сақтай отыра, үйінен 500 метр жерден аспайтын азық-түлік және аппараттық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.
           Көк – бұл мәртебе үшін ПТР міндетті болатын жерлерден басқа қозғалыс шектеулері деректер көзінде жоқ.
           Жасыл – күй-қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда covid-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
           Қазіргі уақытта Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен «Ashyq» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...